13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сайлау өткізу кезеңінде қоғамдық пікірге сауал салуды ұйымдастыру туралы

15 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Сайлау өткізу кезеңінде қоғамдық пікірге сауал салуды ұйымдастыру туралы
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі уақытта ағымдағы жылғы 20 қарашаға тағайындалған ел Президентінің кезектен тыс сайлауы шеңберінде үгіт-насихат кезеңі жалғасуда.

Осы кезеңде сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу тәртібі заңмен қатаң реттеледі.

Сауал салуды жүргізу құқығын іске асырудың негіздері мен тәртібі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 29-бабында (9-тармақ, бұдан әрі-Конституциялық заң) бекітілген.

Нақты айтқанда, аталған құқықтық нормаға сай қоғамдық пікірге сауал салуды оларды жүргізуде кемінде 5 жыл тәжірибесі бар, сауал салу ниеті туралы ОСК-ны (Орталық сайлау комиссиясын) алдын ала жазбаша хабардар еткен, тіркелген заңды тұлғалар жүргізуге құқылы.

Хабарламада сауалнама жүргізуге қатысатын және онда жұмыс тәжірибесі бар мамандар, олар жүргізілетін өңірлер, қолданылатын талдау әдістері туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс.

Ағымдағы жылғы 14 қарашадағы жағдай бойынша осындай жазбаша хабарламалармен ОСК-ға 7 заңды тұлға  жүгінді.

Сайлау күні дауыс беруге арналған үй-жайда қоғамдық пікірге сауал салу жүргізуге тыйым салынады.

Бұл ретте, сайлау күні сайлау учаскелерінен шығу кезінде ОСК-ны жазбаша хабардар еткен, заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген заңды тұлғаларға сауал салуды жүргізуге рұқсат етіледі.

Өз кезегінде, БАҚ сауал салу нәтижелерін жариялау кезінде оны жүргізген заңды тұлғаны және сауал салуға тапсырыс берген және төлеген адамдарды, өткізу уақытын, ақпарат жинау әдісін, сұрақтардың нақты тұжырымын, сұралғандардың санын және сауал салу нәтижелерінің қателік коэффициентін көрсетуге міндетті.

Сауал салу нәтижелерін, сайлау нәтижелерінің болжамдарын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулерді БАҚ-та жариялауға дауыс беру күніне дейін 5 күн ішінде және дауыс беру күні жол берілмейді.

Осылайша, ағымдағы сайлау науқаны жағдайында БАҚ сауал салу нәтижелерін а.ж. 15 қарашаға дейін жариялай алады.

Сайлау күні сайлау учаскелерінен шыққанда жүзеге асырылған қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін БАҚ-та жариялау дауыс беру күнінен кейін рұқсат етіледі.

Конституциялық Заңның көрсетілген талаптарын сақтамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 120-бабының тиісті бөліктері бойынша жауаптылыққа әкеп соғады.

Қазіргі уақытта жеке тұлғалар жүргізген сауал салумен байланысты мұндай бұзушылықтардың 2 фактісі орын алды. Оларға әкімшілік айыппұл салынды.

Мазмұндалғандар туралы хабарлай отырып, Бас прокуратура, барлық жеке және заңды тұлғаларды, бұқаралық ақпарат құралдарын сайлау процесінің бұзылуына жол бермеуге, оның ішінде сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу және жариялау кезінде Конституциялық заңды мүлтіксіз сақтауға шақырады.

Қазақстан Республикасының

Бас прокуратурасы

Tags: 13kz13kz.kz13кзПрезидент сайлауыпрокуратура
Previous Post

ТҮРКІСТАН СПОРТШЫЛАРЫ ЖҮЗУДЕН 19 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Next Post

Об организации опросов общественного мнения в период проведения выборов

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі