13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІКТЕРГЕ ДАЙЫН ҚҰЖАТТЫ ХҚО-ДАН ҚОЛЫҢЫЗҒА «ЯНДЕКС» ЖЕТКІЗЕДІ

14 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТІКТЕРГЕ ДАЙЫН ҚҰЖАТТЫ ХҚО-ДАН ҚОЛЫҢЫЗҒА «ЯНДЕКС» ЖЕТКІЗЕДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа қызмет енді Шымкентте қолжетімді. Енді дайын құжатты алу үшін ХҚО-ға қайта келудің қажеті жоқ. Корпорация Яндекс Жеткізу жүйесімен бірлесіп, жеткізудің неғұрлым жылдам әрі ыңғайлы, баламалы тәсілін іске қосты.

Клиент құжаттарды ХҚО-ға тапсырғаннан кейін,  веб-сілтемесі бар SMS-хабарлама жолданады, ол жерде өтінімді толтырып, мәліметтерді енгізіп және жеткізілім ақысын сол сілтеме арқылы төлеу керек. Нақты уақыт режимінде курьердің жол қозғалысын қадағалап, онымен Яндекс GO мобильді қосымшасы арқылы хабарласуға болады. Қосымша жоқ болған жағдайда, жеткізілімді SMS-те келген сілтеме арқылы карта виджетімен бақылауға болады.

«Қызмет ақылы,  құны көрсетілген мекенжайдың орналасқан жеріне, жолдағы кептелістерге, жол жүктемесіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Жеткізу уақыты — 15 минуттан 2 сағатқа дейін. Қызмет іске қосылғаннан бері 300-ге жуық құжат жеткізілді», — деді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева.

Сондай-ақ, дайын құжаттарды жеткізу 150 мемлекеттік қызмет бойынша қолжетімді, олардың ішінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу жөніндегі құжаттар, жер учаскелеріне актілер, апостильденген білім туралы құжаттар, мұрағаттық анықтамалар, әскери билеттердің телнұсқалары және басқалар бар. Бұл ретте жеткізу сервисіне жеке куәлік, паспорт және жүргізуші куәлігі сияқты құжаттар кірмейді.

Previous Post

НҰРЛАН ӘУЕСБАЕВТЫҢ ШТАБЫ ЕЛОРДА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН СПОРТШЫЛАРЫ ЖҮЗУДЕН 19 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі