Өңірде адам денсаулығын нығайту, өмір сүру ұзақтығын ұлғайту, инфекциялық аурулардың алдын алу, өлім-жітімді азайту, медициналық оңалтумен қамтуды ұлғайту мәселелері назардан тыс қалмайды.
Былтыр 18 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар «Ауыл- ел бесігі» аясында жалпы сомасы 1,5 млрд.теңгеге 11 медициналық пункттердің салыну жоспарланып, іске асуда.
Қалалық және аудандық деңгейдегі медициналық ұйымдар 100% интернетке қол жетімді, цифрландырумен толық қамтамасыз етілген. Облыста «Дамумед», «Көмек» медициналық ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Жедел жәрдем паркі көліктері 96,0% жаңартылған.
Өткен жылы жалпы 525 техника, оның ішінде 34 дана вакцина сақтауға тоңазытқыш, анестезиология және реанимация бөлімшелерін жарақтандыру мақсатында 392 дана және ана мен бала бөліміне 96 дана медициналық техника одан бөлек, офтолмологиялық операцияға арналған 2 дана микроскоп қондырғысы сатып алынды.
Айта өтсек, Қазақстан Республикасының электрондық денсаулық сақтауды дамыту стратегиясы монополиясыздандыру және орталықсыздандыру қағидаттарына негізделген денсаулық сақтауды ақпараттандыру саласындағы шешімдердің ашық нарығын қалыптастыруға қайта бағдарланған болатын.
5,8 мыңнан астам мемлекеттік денсаулық сақтау объектілерінде медициналық ұйымдардың IT-инфрақұрылымы дамыған (98 %), медициналық ақпараттық жүйелер (98,2 %), мобильді және веб-қосымшалар (20-дан астам) енгізілген, оларды интеграциялау жүзеге асырылған. Тұрғындар үшін пациенттің жеке кабинетіндегі eGov электрондық үкімет порталындағы және eGovMobile мобильдік қосымшасындағы бірқатар цифрлық сервистер іске асырылған. Олар: вакцинация паспорты; «Вакцинация», «вакцинацияға жазылу»; клиникалық қызметтерді көрсету бағыттары мен нәтижелері; электрондық рецептілер; ауруханаға жатқызу жолдамалары мен үзінді көшірмелер. Цифрлық трансформация аясында eHealth электронды денсаулық сақтаудың жаңа сандық архитектурасына көшу жұмыстары басталды.
Бұл ретте eHealth электрондық денсаулық сақтау архитектурасы азаматтардың денсаулығына арналған ұлттық электрондық паспортты толыққанды және жан-жақты қалыптастыруға ықпал етеді, бұл азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарланған медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруды, сондай-ақ пациенттердің денсаулық жағдайын үздіксіз бақылауды жүзеге асыруға және медициналық сервистерді ұсынуға көшуді қамтамасыз етеді.
Медициналық қызмет көрсету сапасын бағалау үшін пациенттермен кері байланысты ұйымдастыру қажеттілігін ескере отырып, статистикалық деректерді жинау, сақтау және ұсынудың цифрлық технологияларына құрылған медициналық ұйымдар пациенттерінің қанағаттануын қадағалаудың әртүрлі жүйелері жоспарлы түрде енгізілуде.
Жақын арада медициналық бейнелер мен зертханалық зерттеулер үшін қойма құру, медициналық ұйымдар арасында клиникалық деректермен алмасу сервисі, мемлекеттік медициналық мекемелерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету процесін автоматтандыруды жүргізу жоспарланып отыр.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында медицина саласынның дамыту маңыздылығын атап өтті:
Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе. Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді. Дегенмен, оның жағдайы әлі де мәз емес. Әрине, жылдар бойы қордаланған түйткілдер бір мезетте шешілмейді. Сондықтан, аса маңызды мәселелерді ретке келтіруге баса мән берген жөн. Мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігін тиімді пайдаланған жөн. Медицина – инвестиция салуға қолайлы сала. Тек оған дұрыс жағдай жасау қажет,-деді ол.
Алдағы екі жылда бұл ауылдарда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етіледі. Осылайша, мемлекет бір миллионнан астам адамның алғашқы медициналық-санитарлық көмек алуына мүмкіндік жасайды. Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана заманға сай жаңарып, ауданаралық көпбейінді мекемеге айналады. Онда инсульттен емдеу орталықтары, хирургия, жансақтау және оңалту бөлімдері ашылады. Бұл төрт миллионнан астам адамға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттырады. Медициналық жоғары оқу орындарының жанынан көпбейінді ауруханалар және клиникалар ашылады. Алдағы үш жылда резидентураға бөлінетін грант саны 70 пайызға көбейеді. Мұның бәрі ұлт денсаулығын сөз жүзінде емес, іс жүзінде жақсартуға септігін тигізеді.