13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Өмірзақ Шөкеев Мақтааралдағы құрылысты 1 тамызда аяқтауды тапсырды

8 июля, 2020
in Билік
0
Өмірзақ Шөкеев Мақтааралдағы құрылысты 1 тамызда аяқтауды тапсырды
Share on FacebookShare on Twitter

Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайдың салдарын жою мәселелері облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев өткізген лездемелік жиында ортаға салынды. Аймақ басшысының нақты тапсырмасын басшылыққа ала отырып, жұмыстар қарқыны күшейтілген. Үйлердің құрылысы өз мерзімінде, яғни, 1 тамызда толық  аяқталуы қажет.

«Өндірістік кестеге сай бақылау жұмыстарын күшейтіп, мердігерлермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасау керек.  Сондай-ақ, әлеуметтік нысандардың құрылысына да назардан тыс қалмауы қажет. Аталған жұмыстардың өз мерзімінде аяқталуына тікелей жауапты екендіктеріңізді ескертемін», – деді Өмірзақ Естайұлы.

Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан орын алған төтенше жағдайға байланысты Мақтаарал ауданында 5 елді мекенде орналасқан жалпы 866 тұрғын үй зардап шекті. Атап айтқанда, Жеңіс ауылында 270 үй, Жаңатұрмыста 52 үй, Достық ауылында 21, Өргебаста 207 үй, Фирдаусиде 316 үй. Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық елді мекен тұрғындарының келісімі бойынша, Мырзакент кентінде 386 жеке тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 196 тұрғын үй мемлекеттік бюджет есебінен, қалған 190 тұрғын үй («Б.Утемуратов», «Салиқалы ұрпақ», «Біз Біргеміз») қорынан салынуда. Құрылыс алаңында 1550 жұмысшы мен 150 арнайы техника құрылыс — монтаж жұмыстарына жұмылдырылған. 200-дей үйде құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.

Төтенше жағдай нәтижесінде, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы екі негізі бағыт бойынша жұмыс жүргізуде. Жаңа тұрғын үй құрылысында толық инженерлік инфрақұрылым салынып жатыр.  Сонымен қатар, Фирдауси және Өргебас елді мекеніндегі сумен жабдықтау жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Қазақстан мен Өзбекстан кедендерінің арасындағы өзара алмасу жосықсыз СЭҚҚ қадағалайды

Next Post

Партияның араласуымен мемлекетаралық мәселе оң шешімін тапты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі