13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖЕТІСАЙ: ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ БАСТЫ НАЗАРДА

10 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ЖЕТІСАЙ: ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ БАСТЫ НАЗАРДА
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ түретін мемлекет» тұжырымдамасы аясында Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы Қадырбек аудан аумағындағы қала, кент, ауылдық округтерді аралап көшпелі кездесу мен жеке қабылдау өткізуді жалғастыруда.

Аудан басшысымен жүздесу жергілікті баспасөз беттері мен әлеуметтік желілерде алдын ала жарияланған кестеге сәйкес бүгін Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде жалғасты.

Аталмыш кездесуге аудан әкімінің барлық салалар бойынша жауапты орынбасарларымен қатар бөлім басшылары, аудандық мәслихат депутаты Марат Ділдәбеков, аудандық Ішкі Істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Мейірман Халықов пен аудан прокурорының орынбасары Мақсат Ералиев, округ тұрғындары қатысты.

Жергілікті тұрғындармен кездесуді өткен тоқсанда көтерілген өзекті мәселелер мен айтылған өтініштердің орындалу барысымен таныстырудан бастаған аудан әкімі Сұлубұлақ елді мекенінің тұрғыны Абдували Сәрсенбаевтың Күрішті елді мекенін газдандыру мен ауыз су мәселесін тиянақты шешу бойынша айтқан өтінішіне байланысты Күрішті елді мекенін табиғи газбен қамамтасыз ету мақсатында аудандық бюджеттен бөлінген қаржылар есебінен «Жамбылагрогазпроект» ЖШС тарапынан жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, жұмыс жобасын мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін қажетті қаржыны бөлдіру жөнінде аудандық бюджеттік комиссияға ұсынылғанын, жобаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан соң құрылысына бюджеттен қаржы бөлдіруге ұсынылатынын айтты.
Ал, тұрғындарды ауыз су мұнарасына «Жетісай су» МКК тарапынан ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, елді мекенге тұрақты ауыз су берілуде.

Сонымен қатар, Қызылтаң елді мекенінің тұрғыны Серік Ақтаев Балдаурен көшесін күрделі жөндеуден өткізіп, жаңадан 300 орындық мектеп салу мәселесін көтерген болатын.
Ол бойынша Қызылтаң елді мекеніндегі ұзындығы 900 метрді құрайтын Балдаурен көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында сметалық құжаттамасы жасалынып, қажетті қаржы көлемі анықталған. Осыған орай, 2023 жылға қаржы қарастыру мақсатында бюджеттік комиссияға ұсыныс жолданса, Байдала, Қызылтаң елді мекендеріне «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша 2024 жылы 600 орындық мектеп салу жоспарға енген. Жамбыл елді мекенінен жаңа мектеп ғимаратын салу үшін жер телімі қарастырылуда.

Ал, Кенже Байтеновтың Байдала елді мекеніндегі О.Есимов көшесіне асфальт төсеу бойынша айтқан өтініші негізінде жалпы ұзындығы 1,2 шақырымды құрайтын аталмыш көшеге орташа жөндеу жүргізу мақсатында сметалық құжаттамасы жасалынып, қажетті қаржы көлемі анықталған. Осыған орай, 2023 жылға қаржы қарастыру мақсатында бюджеттік комиссияға ұсыныс жолданған.

Округтің өзекті, түйіні тарқатылуы тиіс салаларын саралап, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдаған аудан әкімі кездесуден соң жеке мәселелерін айтамын деушілерге арнайы қабылдау өткізді. Қабылдауда көтерілген мәселелер бойынша тиісті бөлімдер мен мекеме басшыларына тапсырма берді.

 

Previous Post

Сайлауда халықаралық бақылаушыларды акредиттеу мәселелері бойынша есебі тыңдалды

Next Post

ҚАРАҚАТ ӘБДЕННІҢ ЕЛ ӨҢІРЛЕРІНДЕГІ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі