13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы әкімінің кубогы үшін шағын футболдан дәстүрлі облыстық аймақтық жарыс өтті

22 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысы әкімінің кубогы үшін шағын футболдан дәстүрлі облыстық аймақтық жарыс өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының 2022 жылғы 12 қарашадағы 324 санды бұйрығына сәйкес , Түлкібас ауданының орталық спорт алаңында және Қожамберді елдімекеніндегі заманауи спорт алаңында Түркістан облысы әкімінің кубогы үшін шағын футболдан дәстүрлі облыстық аймақтық жарыс өтті.
Жарысқа Бәйдібек, Төлеби, Түлкібас аудандарының мектептерінен 5-6 сынып, 7-8 сынып, 9-11 сынып оқушыларының (ұлдар) құрама командалары қатысты.

Жарыстың мақсаты: балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, оқушыларды дене шынықтыру және спортпен тұрақты шұғылдануға тарту, шағын футболды Түркістан облысында танымал ету және дарынды ойыншыларды анықтау.
Талапқа сай безендірілген спорт алаңдарында төрешілердің бекіткен кестесіне сәйкес , жас аяқ допшылар жақсы дайындық көрсетіп, футбол жанкүйерлері алғысына бөленді. Жарыс ойындарының қорытындысы бойынша 5-6 сыныптар арасында  1- орынды — Түлкібас ауданы, 2-орынды — Төлеби ауданы , 3 орынды — Бәйдібек ауданы, 7-8 сыныптар арасында 1-орынды — Түлкібас ауданы, 2- орынды Бәйдібек ауданы, 9-11 сыныптар арасында 1-орынды Түлкібас ауданы, 2 — орынды — Бәйдібек ауданы жеңіп алды.
Аймақтық жарыстан Түлкібас ауданының 3- топтағы командалары облыстық кезеңге жолдама алды.
Құрама командаларды жарысқа дайындаған Ю.Гагарин атындағы ЖОМ дене шынықтыру пәні мұғалімдері Н.Сарбасов, Н.Бейсеитов, А.Тналиев, Т.Рысқұлов атындағы ЖОМ дене шынықтыру пәні мұғалімі С.Жаналиев, Тұрар ЖОМ дене шынықтыру пәні мұғалімі Д.Сұлтанқұлов, С.Сейфуллин атындағы ЖОМ дене шынықтыру пәні мұғалімі М.Мамыров және жарыстың төрешілер алқасы Ю.Гагарин атындағы ЖОМ дене шынықтыру пәні мұғалімі С.Жауылбаев, Т.Рысқұлов атындағы ЖОМ дене шынықтыру пәні мұғалімі Д.Сағындықов, С.Сейфуллин атындағы ЖОМ дене шынықтыру пәні мұғалімі О.Пернебек зор үлес қосты.

Аймақтық жарыстың жеңімпаз командаларын, үздік ойыншылар мен жаттықтырушыларды облыстық білімді дамыту орталығының дене шынықтыру және спорт бөлімінің меңгерушісі О. Оспанов және орталық қызметкерлері марапаттады.

Алдағы Бүкіл түркі әлемінің рухани астанасы- Киелі Түркістан қаласында өтетін облыс әкімінің кубогы үшін жарыста ауданымыздың оқушылары жер жәннаты Түлкібастың намысын абыроймен қорғайтынына сеніміміз мол.

Previous Post

КЕНТАУДА АУЫЛ СКРИНИНГІ ӨТЕДІ

Next Post

В Шымкенте награждены победители гранта  «Тәуелсіздік ұрпақтары»

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі