13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚР Президенттігіне Кандидат сайлаушылармен кездесу үшін Жаңаөзен қаласына барды

9 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ҚР Президенттігіне Кандидат сайлаушылармен кездесу үшін Жаңаөзен қаласына барды
Share on FacebookShare on Twitter

Үгін-насихат жұмыстарын жүргізу үшін арнайы Жаңаөзен «Білім-Инновация» лицей-интернатына табан тіреді. Онда алғашында өзінің саяси бағдарламасын таныстырды. Сондай-ақ сөз барысында педагогтардың маңыздылығын және олардың алдында тұрған міндеттерді атап өтті.

«Әлемнің кез келген еліндегі мұғалім әрқашан құрметті, және мәртебесі биік мамандық. Өйткені ол балаларға, яғни болашаққа білім беретін адам. Мен өзім мұғалім, профессормын. Сондықтан  бұл жұмыстың қаншалықты қиын да қызықты болатынын білемін», — деді М.Қажыкен.

Мұғалімдер үміткермен білім берудегі жалақыны көтермей жүктемені ұлғайту, сыбайлас жемқорлық, тұрғын үй алу сияқты өзекті мәселелерді талқылады.

Мейрам Қажыкен өз бағдарламасының әлеуметтік бөлімінде мұқтаж жас мамандарға, тұрғын үй сатып алуға қаражаты жеткіліксіз отбасыларға және халықтың басқа да топтарына тұрғын үй беру жоспары жазылғанын айтты.

«Менің ұстанымым мынада: Жергілікті органдар көппәтерлі үй салу үшін мердігер компанияға  жер учаскесін береді. Сондықтан  құрылыс салушы тұрғын үйдің 15% — на дейін мемлекетке бөлуі керек. Яғни, әкімдіктер тұрғын-үйден пәтерлер алады. Оны кезекте тұрғандарға береді», — деді ол.

«Сіз айтып отырған жұмысқа орналасу кезіндегі сыбайлас жемқорлыққа келетін болсақ, мен бұл өзекті мәселемен заңды түрде қатал және қатаң күресу керек деп санаймын. Істі тіпті құқық қорғау органдарына дейін  жеткізу керек», — деп атап өтті кандидат.

Анықтама үшін:

Лицей-интернат 2015 жылы Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты ынтымақтастық аясында ашылды. Оқу орны «Білім инновация»халықаралық қоғамдық қорының құрамына кіреді.

Балалар емтиханнан өткеннен кейін 7-сыныптан бастап лицейге түсе алады. Оқыту 4 тілде: қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде жүргізіледі. Жаратылыстану-математикалық цикл пәндері ағылшын тілінде жүргізіледі. Түрік тілі оқу жоспарының вариативті бөлігінде екінші шет тілі ретінде зерттеледі.

Штабтың баспасөз қызметінің байланыстары:

Баспасөз хатшысы Гүлмира Нұрпейісова: +77015030904,

Ал.пошта: kazhykenwork@gmail.com

Әлеуметтік желілердегі аккаунттар:

Instagram: @kazhykenmeiram

Telegram: @MEIRAMKAZHYKEN

Facebook: Мейрам Қажыкен

Previous Post

Нурлан Ауесбаев провел встречу с избирателями в Астане

Next Post

Кандидат в Президенты РК прибыл в Жанаозен для встречи с избирателями

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі