13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Нұрлан Әуесбаев Астана қаласында сайлаушылармен кездесу өткізді

9 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Нұрлан Әуесбаев Астана қаласында сайлаушылармен кездесу өткізді
Share on FacebookShare on Twitter

2022 жылдың 9 қарашасында ҚР Президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кандидат Нұрлан Әуесбаев Астана қаласында сайлаушылармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында кандидат жиналған қауымға сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде баяндап берді.

Нұрлан Әуесбаевтың пікірінше, мемлекет алдында тұрған басты мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету. Ол үшін бірқатар саяси реформаларды жүзеге асыру керек.

Реформалардың бірі бюджет процедураларын жетілдірумен айқындалады. Әр елді мекенде өзіне тиесілі ашық бюджет жасақталып, нақты уақыт режимінде онлайн түрде мемлекет ақшасының қалай және қайда жұмсалып жатқандығы ашық көрсетіліп отыруы керек.

Сондай-ақ орталық және жергілікті атқару органдарында барлық деңгейдегі депутаттар мен шенеуніктердің кіріс-шығысы туралы міндетті жария декларацияны шұғыл түрде енгізу қажет.

Сонымен бірге Нұрлан Әуесбаев заңсыз баюға қатысты қылмыстық жауапкершілікті қатаңдатуды ұсынды. Оның пікірінше, парақорлармен нәтижелі күрестің жалғыз жолы осы.

Previous Post

Сайлау болашақ Қазақстанның даму жолын белгілейді

Next Post

Нурлан Ауесбаев провел встречу с избирателями в Астане

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі