13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТ: АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

21 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ҚАЗЫҒҰРТ: АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаев ҚР Президентінің 2022 жылғы 03 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында, Тұрбат, Шарбұлақ ауыл округтерінде халықпен кездесу өткізді. Кездесу барысында елді мекен тұрғындары тарапынан ауыз су, ағын су, табиғи газ кіргізу, көше жарығы, электр бағаналарын ауыстыру, жол жөндеу және жол кедергісін орнату, аяқ жолдар салу, қоқыс полигонын пайдалану, көпірлер салу, көмір тасымалы секілді мәселелер төңірегінде сұрақтар қойылды. Ауыл азаматтары тарапынан қойылған барша сұрақтарға аудан әкімі Арман Айдарұлы толыққанды жауап беріп, айтылған ұсыныстар бойынша мекеме және бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеп, барша мәселенің назарға алынатынын, сондай-ақ кезең-кезеңімен жоспар бойынша шешімін табатынын нақты айтты.

Жалпы, ауданда 15 өнеркәсіп кәсіпорын­дарының өнім көлемі ағымдағы жылдың 8 айында 8720,8 млн. теңгеге жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 611,0 млн. теңгеге артты. Нақты көлем индексі 105,5%-ға орындалып отыр.

Жыл қорытындысымен өнім көлемін 13231,4 млн. теңгеге жеткізу жоспарлап отырмыз. Көптеген кәсіпорындардың өндіріс қарқынының өсуі, жаңа қуаттардың енгізілуі және технологиялық процесті модернизациялау өнеркәсіптік сектордың орнықты дамуына ықпал етеді. Ол үшін ауданымыздағы өндіріс орындарын көбейту үшін «Қазығұрт» индустриялдық аймағына инвесторлар тартып жаңа жұмыс орындарын ашуымыз қажет. Ауданның инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында «Қазығұрт» индустриялдық аймағы (35 га) құрылып, кәсіпкерлерге мүмкіншілік жасалды. Яғни, индустриялдық аймақтағы инфрақұрылым жүйелерінің қуатын ұлғайту арқылы қосымша жаңа кәсіпорындар ашу жоспарланған болатын.

Қазіргі таңда, 10,86 гектар жер телімінде 7,3 млрд. теңгелік 193 жұмыс орнын құрайтын 5 жоба орналастырылған (1.«Асыл бастау.kz» ЖШС-ның «AQUA THE BEST» атауымен 0,5, 1,0, 5 және 19 литрлік ыдыспен ауыз су өндірісі, 2.«CG Foods Central Asia» ЖШС-ның «Тез әзірленетін тағамдар» өндірісі, 3.«Көрік ШҚ» ЖШС-ның «Алкогольсіз табиғи шырынды сусындар шығару» өндірісі, 4.«Отырабат-Құрылыс» ЖШС-ның «Газабетон блогы» өндірісі, 5.«ЮКГУ» ЖШС-ның «Газабетон блогы» өндірісі).

Сонымен қатар, Қақпақ ауылы округіне қарасты Заңғар елдімекенінде орналасқан «Ынтымақ» СТК-нің жалпы құны 700 млн. теңгелік 1,3 МВт/сағ. кіші су электр станция жобасы іске қосылу жоспарлануда. Бүгінгі таңға жер учаскелері тегістеліп, ғимараттың құрылысы аяқталуда. Сонымен қатар Чехия мемлекетінен қондырғылар жеткізіліп, кәсіпорынды 2022-жылдың IV тоқсанында іске қосу көзделуде.

Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 8 айда 16794,6 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 352,6 млн. теңгеге артты. (2021 ж. 8 ай 14442,0 млн.тг)

Previous Post

На предприятии «Бал текстиль» реализуется новый проект на сумму 2,5 млрд тенге

Next Post

Жолайрықтар – мегаполис қозғалысының күретамыры

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі