13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН:ҚАЛА ЖАСТАРЫНА БІЛІМ БЕРУ, ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС БЕРІЛДІ

21 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН:ҚАЛА ЖАСТАРЫНА БІЛІМ БЕРУ, ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС БЕРІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қалалық әкімдігінде Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысының орынбасары Баетов Ерназар Көпжасарұлы, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Садықова Ардақ Мәдіханқызы, облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Байсариев Ғани Оңалбекұлы және бас маманы Әсілбек Жандос Манарбекұлы, облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының кәсіпкерлің басшы орынбасары Көшкінбай Самат Жандарұлы, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, облыстық мәдениет басқармаларының өкілдері мен облыстық, қалалық Жастар ресурстық орталығының жастары мен, студент жастардың қатысуымен жиын өтті.

Жиын барысында бірқатар мазмұнды сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар берілді.

Атап айтсақ:

— Сырттай оқу білім жүйесі қашан ашылады?

— Қазіргі таңда қаламыздағы жастар арасында (құрлысшы, дәнекерлеуші, механик, электрик, сәулетші, инженер т/б) елеусіз болып қалған мамандықтарын оқуға немесе сол мамандықтарды игеруге жастардың құлшынысын қалай арттыруға болады? Бұл саладағы мамандардың жетіспеуі жалақыға байланысты ма?

— Биылғы 1 қыркүйектегі ҚР Президентінің жолдауындағы 2.3% пайыздық несие туралы және оның тиімділігі мен бағыты қандай болмақ?

— ҰБТ тапсырмай, шетелдік университеттерге грантқа оқуға түсу мүмкіншіліктер мен ғылыми ағартушылық жұмыстар түсіндірме жұмыстары қаншалықты деңгейде өтуде?

— Жастар арасында кәсіпкерлікпен айналысу үшін мемлекет тарапынан қандай қолдаулар көрсетілуде?

— Мектепті бітіруші түлектерге профорентациялық кеңес беру жұмыстарының деңгейі қалай жүргізіледі? Неге көптеген мектеп бітіруші түлектер өздері қаламаған мамандықты оқуға мәжбүр?

— Жоғары оқу орнынан кейін жастар өз мамандығымен қаншалықты жұмысқа орналасып жатыр? Бұл мәселе бойынша қазіргі жастар арасындағы жұмыссыздықты жоюдың бірден-бір себебі болып табыла алады ма?

— Алдағы уақытта діни сауаттылықты арттыруға көбірек көңіл бөлінсе. Дінге енді ғана бет бұрған жастар дін саласын дұрыс түсінбегендіктен басқа ағымның жетегінде кетпеудің қандай тиімді жолдары бар? — деген мазмұнды сұрақтарға тиісті сала мамандарынан тұшымды жауаптар мен шешілу жолдары бойынша кеңестер беріліп, жастардың ұсыныс пікірлері назарға алынды.

Жиынды қорытындылаған модератор Ерназар Көпжасарұлы аудан, қалаларда жастарға білім беру, жұмысқа орналасу және кәсіпкерлік мәселелері бойынша ақпарат және кеңес беру жұмыстары жалғаcатынын жеткізді.

 

Previous Post

Руководитель управления встретился с молодежью специальности "Туризм"

Next Post

На предприятии «Бал текстиль» реализуется новый проект на сумму 2,5 млрд тенге

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі