13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қылмыс

Жүргізуші куәлігін алып беремін деп, алаяқтық жасаған күдікті анықталды

7 июля, 2020
in Қылмыс
0
Жүргізуші куәлігін алып беремін деп, алаяқтық жасаған күдікті анықталды
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сайрам ауданында жұмыс істейтін Шымкент қаласының тұрғыны Сайрам АПБ-не арызданады.

Жәбірленуші ер адамның айтуынша, өзіне жақсы таныс емес азамат алдап, жүргізуші куәлігіңді жасап беремін деп әбден сендірген. Алаяққа сенген тұрғын оған 60 000 теңге ақшасын беріп, жер сипап қалған. Осылайша 4 айға жуық әне-міне жасатып жатырмын деген сөзінен күдіктенген жәбірленуші полицейлерден көмек сұрайды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық » бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Аудандық тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, тұрғынды арбауына түсірген алаяқты ұстауға қажетті барлық шаралар жасалды. Жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басы анықталып, ұсталды. Ол Шымкент қаласының жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Өз кінәсін толық мойындады.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті жас жігіт оңай жолмен ақша табу мақсатында жәбірленушіні арбауына түсіріп, алаяқтық жасаған. Қазіргі таңда күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға алаяқтардан барынша сақ болуды ескертеді. Кез келген ұсынысты қабыл алмай, толық тексеріп алыңыздар деп кеңес береді.

Полиция.кз

 

Previous Post

Нұр-Сұлтан қаласы күніне орай кентауда ұлы Абайға ескерткіш орнатылды

Next Post

Дәрі-дәрмекті заңсыз сату фактілері анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі