13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

НҰРЛАН ӘБДІРОВ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТІН АТАДЫ

8 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
НҰРЛАН ӘБДІРОВ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТІН АТАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшелері өңірлік сайлау учаскелерінің алдағы науқанға дайындығын тексеріп жатыр. Бұл туралы аталған комиссияның төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты.

«Сайлау комиссияларына әдістемелік көмек көрсету және дауыс беру күніне дайындығына көз жетізу үшін сайлау учаскелеріне бару мақсатында 28 қазаннан Орталық сайлау комиссиясының мүшелері мен аппараттың өңірлерге сапарлары басталып кетті. Мен және менің әріптестерім әзірше 12 өңірге барып үлгерді. 17 қарашаға дейін біз барлық өңірді аралауды жоспарлап отырмыз. Біздің басты міндетіміз — сайлау органдарының барлық сайлау инфрақұрылымының 2022 жылғы 20 қарашаға белгіленген кезектен тыс президент сайлауын өткізуге 100 пайыз дайындығын қамтамасыз ету», — деді ол бүгін комиссия отырысында.

ОСК төрағасы өткен аптаның соңында инспекциялық сапармен Павлодар мен Ақмола облыстарына, сол облыстардың шағын қалалары мен ауылдарында орналасқан сайлау учаскелерінің жұмысымен танысқанын айтты.

«Өкілетті мемлекеттік органдар мен сайлау комиссиялары мүшелерінің өңірлерде сайлаушылар тізімдері бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары, сайлауды ұйымдастыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мүгедектігі бар азаматтар үшін сайлау учаскелерінің физикалық қолжетімділігі үшін қажетті жағдайлар жасау, сайлау бюллетеньдерін күзету және уақытылы жеткізу, сонымен қатар басқа да мәселелер бойынша баяндамаларын тыңдадым», — деді Нұрлан Әбдіров.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МИЛЛИОННАН АСТАМ САЙЛАУШЫ ДАУЫС БЕРЕДІ

Next Post

Сайлау-2022: Қарақат Әбден Қызылорда облысына барды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі