13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖИГУЛИ ДАЙРАБАЕВ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНЕ БАРДЫ

7 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ЖИГУЛИ ДАЙРАБАЕВ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНЕ БАРДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев өзі білім алған Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің студенттері, оқытушылары және қызметкерлерімен, сондай-ақ курстастарымен кездесті. Кездесу барысында үміткер жиналған қауымды өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныс¬тырып, «Ауыл» партиясы қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып берді.
Әлемнің жетекші аграрлық державаларының тәжірибесі ауыл шаруашылығын табысты дамыту тек ғылым, білім, өндірістің интеграциясы негізінде ғана мүмкін екендігін дәлелдеді.
«Қазақстанда аграрлық ғылым, бұл салада мықты ғалымдар бар екендігін айту керек. Өкінішке қарай, олардың ғылыми-зерттеу қызметінің сапалы нәтижелері аграрлық өндіріске жетпейді. Іске асыру жүйесі жұмыс істемейді. Фермерлерге жаңа технологиялар мен тұқымдар туралы білім беру орталықтарын құруға ерекше назар аудара отырып, осы бағытта түбегейлі өзгерістер жасау қажет. Нақты жұмыс істейтін ғалымдар лайықты жалақы алуы үшін аграрлық ғылымды қаржыландыру жүйесін өзгерту маңызды. Ғылыми зерттеулерді қаржыландыратын агроқұрылымдарды ынталандыру мәселелері бойынша заңнамадағы өзгерістерді соңына дейін жеткізу қажет. Ғылыми-зерттеу институттарын қаржыландыру кешенді және жүйелі болғаны абзал. Ғылыми мекемелер жұмысын тоқтатуға рұқсат беретін шенеуніктер жауапкершілікке тартылуға тиіс», деді Жигули Дайрабаев.

Previous Post

Салтанат Тұрсынбекова Алматыда құқық қорғаушылармен кездесті

Next Post

МЕЙРАМ ҚАЖЫКЕН: БІЛІМ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі