13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА «МЕКТЕБІҢЕ ДОМБЫРА СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

21 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА «МЕКТЕБІҢЕ ДОМБЫРА СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Сауран ауданында «Балалар жылы» аясында «Мектебіңе домбыра сыйла» акциясы өтті. Акция былтыр тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай, Түлкібас ауданында бастау алған болатын.
Ұлттық өнерді ұлықтап, өскелең ұрпақтың бойына дәстүрлі өнерді сіңдіре отырып, ұлттың қамын ойлайтын ұрпақ тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шараға Сауран ауданының әкімі Ғани Құрмашұлы қатысып, өзінің тілегін білдірді.

Домбыра – қазақтың киесі, қасиеті, қазынасы. Домбыра – қазақтың жаны, рухы, тарихы, салт-дәстүрі, болмысы деп айтуға болады. Бүгінгі күні Қазақстанның облыс орталықтарында, қала, аудандар мен ауылдарда домбыра мерекесі тойланып жатыр.

«Мектебіңе домбыра сыйла» акциясын эстафета ретінде келесі ауданға жолдау шарасының домбыра күнінде белгіленуі жайдан-жай емес. Бұл шара өскелең ұрпақтың қасиетті домбыраға, ұлттық құндылықтарға деген құлшынысын арттыра түсері сөзсіз.

Ауданда өткен «Мектепке домбыра сыйлау» акциясында Сауран ауданының әкімі Ғани Құрмашұлы бастаған ауданның бөлім басшылары, мектеп директорлары мен пән мұғалімдері, кәсіпкерлер мен ата-аналар демеушілік етіп №13 жалпы орта мектебіне домбыра сыйлады.

Шара барысында ұйымдастырушылар қазақ пен домбыра – егіз ұғым екендігін, күмбірлеген домбыраның үні батырларымызға рух, ақындарымызға шабыт бергендігін, домбыра әрбір қазақтың рухын көкке көтеретін құнды қазына екендігін түсіндірді. Жиын соңында мектеп оқушылары әсем ән орындап, би билеп концерттік бағдарламаға ұласты.

Айта кетсек, аталған акция Парламент мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбайдың ұсынысымен қолға алынды. Ол ауданға келген сапарында ұстаздармен кездескен халық қалаулысы ұлттық аспапты ұлықтау жөнінде ой тастаған еді. Идеяны құп көрген Састөбе ауылының А. Макаренко атындағы мектебінің түлектері акцияны алғаш болып өткізді.

Previous Post

ШЫМКЕНТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕГІ МЕТОДИКАЛАРЫН ӨЗГЕ ОБЛЫСТАР ДА ЕНДІРМЕК

Next Post

Айбынды жастар – жаңа Қазақстанның тірегі!

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі