13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Әкім — періште емес, пенде!

3 июля, 2020
in Билік
0
Әкім — періште емес, пенде!
Share on FacebookShare on Twitter

Елімізде пандемия өршіп, жаман індетті жұқтырғандар саны артуда. Өлім-жітім мен қайғылы хабарлар көбейді. Осы жағдайға байланысты Президент Қ.Тоқаев Үкімет активі және барлық облыс, қала әкімдерімен жиын өткізіп, пандемияға қарсы іс-шараларды шұғыл түрде ширатуды тапсырды. Бірқатар әкімдер мен шенеуніктерге сөгіс жариялап, ескертулер жасады. Сөгіс алғандардың қатарында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов те бар. Аспаннан түскен ешкім жоқ. Жауапты қызметте жүрген кез-келген шенеунік осындай сыннан өтуі тиіс. Оның үстіне бұл Әйтеновтың әкімдік лауазымдағы ең алғашқы қызметі. Соған қарамастан, Мұрат Дүйсенбекұлы еліміздегі үшінші алып мегаполисті жап-жақсы басқарып отыр. Бұл салада тәжірбиесі аздау болғанымен, іскерлігі мен еңбокқорлығын атап өту қажет. Өзге әкімдер сияқты кабинетте отырып алмай, оқиға орнына, нысандардың басына өзі барып, халықпен ашық сөйлеседі. Халықтың пікірін тыңдайды, тұрғындардың мәселесімен санасады. Президент айтқандай,  халық үніне құлақ түреді. Мақтағаным емес, Әйтенов әкім ретінде өз міндеттерін жақсы орындауда. Пікірім сенімді болу үшін, бірқатар дәлелдер келтіріп өтейін. Бүгінде Шымкент қаласының барлық көшелері мен жолдары жөнделуде. Қала іргесіндегі бірқатар жаңа мөлтек аудандар қажетті инфрақұрылыммен қамтылуда. «Шымкент — ТМД елдерінің мәдени астанасы» іс-шарасының ашылуын абыроймен өткізіп алдық. Ауруханалар науқастарға толып, жағдай қиындап еді. Бұл мәселені де әкім тез арада шеше білді. Әйтеновтың тікелей тапсырмасымен қаладағы емханалардан қосымша күндізгі стационарлық төсек орындары ашылды. Одан бөлек, бос жатқан жеңіл атлетика спорт кешенін ұтымды пайданалып, 500 адамға арналған күндізгі стационар ашуға тапсырма берді. Осылайша Шымкент қаласы стационарлық төсек орындармен қамту бойынша өзге аймақтарға үлгі бола білді. Бұл да Әйтеновтың тапқырлығы мен еңбекқорлығын, тұрғындарға деген жанашырлығын аңғартады. Дәрі-дәрмек тапшылығын жою мақсатында қаладағы барлық дәріханалар мен фарм компаниялардың басшыларын жинап, халыққа қолайлы жағдай туғызуға шақырды. Дәрі-дәрмек мәселесі де жақын күндері шешімін табуы тиіс.

Қазір Қазақстанның барлық облысы мен қалаларында жағдай жетісіп тұрған жоқ. Індет өршіп барады. Медицинаның жағдай да мәз емес. Мәселе шаш етектен. Дегенмен, түңілгеннен пайда жоқ. Барымен базар. Тек әрбір азамат, әрбір отбасы өз денсаулығына өзі жауапты екендігі естен шығармауы қажет. Сақтық шараларын қатаң сақтау керек. Әрбір азамат сақтық шарларын сақтап, тәртіпке бойсынбаса, тіпті Израйлдің дәрігерлерін әкеліп, Билл Гейтсті «қала мэрі» қылып қойсаң да, бұл қиындықтан құтқара алмайды.

Сондықтан қала тұрғындарына айтарым, осындай қиын-қыстау сәтте шахар басшысына демеу беріп, бастамаларына қолдау көрсеткеніміз абзал. Кемшілігін жасырып, жақсылығын асырайық! Әйтенов те періште емес, ет пен сүйектен жаралған пенде!

Н.Тұманбаев

 

Previous Post

Түркістан-Ташкент: Қазақстан-Өзбекстан арасында кейінгі уақытта туындаған су мәселесі шешімін тапты

Next Post

Түркістан: Ордабасыда 900 шақырымға жуық 85 канал тазартудан өтуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі