13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ОСК: ТМД байқаушылар тобымен онлайн форматта кездесу өтті

3 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ОСК: ТМД байқаушылар тобымен онлайн форматта кездесу өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров онлайн форматта ТМД Парламентаралық ассамблеясы кеңесінің бас хатшысы Дмитрий Кобицкий бастаған байқаушылар тобымен кездесті.

Кездесуге Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Шавкат Өтемісов пен Анастасия Щегорцова, Астана және Алматы қалаларының аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары Бақыт Бектемісова, Жанна Асанова, сондай-ақ демократия, парламентаризм және азаматтардың сайлау құқығын сақтау жөніндегі Халықаралық байқаушы институтының директоры — ТМД ПАА кеңесі хатшылығы басшысының орынбасары Иван Мушкет қатысты.

Н.Әбдіров байқаушыларды сайлау науқанына дайындық барысымен, оның негізгі кезеңдері туралы хабардар етті, сондай-ақ осы уақытқа дейін президенттікке кандидаттарды тіркеу аяқталғанын және штабтар сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өтті.

Өз кезегінде Дмитрий Кобицкий Ортсайлаукомға кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді. ТМД ПАА өкілдері Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын әзірлеу мен өткізуге, оның ішінде кандидаттардың сайлау алдындағы пікірсайыстарын ұйымдастыру мен өткізуге, сайлаушылар санына, берілген есептен шығару куәліктерінің санына, сайлау комиссияларының дауыс беру күніне дайындығына қатысты түрлі сұрақтар қойды.

Кездесу барысында Нұрлан Әбдіров ТМД ПАА байқаушыларын Ортсайлаукомның отырыстары мен оқыту іс-шараларына қатысуға шақырды, сондай-ақ өздерін қызықтырған мәселелер бойынша ОСК мүшелерімен және аппаратымен кездесулерін өткізуге дайын екенін жеткізді.

ТМД ПАА өкілдері ҚР ОСК жанынан құрылған Сарапшы кеңестің жұмысына онлайн форматта қатысуға мүдделілігі мен дайындығын білдірді, сондай-ақ жастардың сайлау белсенділігін арттыру бойынша бірлескен жобаларды пысықтауды ұсынды. Кездесу соңында екі тарап сайлауды ұйымдастыру мен өткізу және оларды байқау бойынша жұмыстарға  өзара табыс тіледі.

Сайлау комиссияларына әдістемелік көмек көрсету, электоралдық оқыту үдерісін үйлестіру және дауыс беру күніне олардың дайындығын анықтау үшін сайлау учаскелеріне бару мақсатында Ортсайлауком мүшелері ел өңірлеріне сапарларын жалғастыруда.

Өңірлерде Ортсайлауком мүшелері аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының, мемлекеттік органдардың, кандидаттардың сайлауалды штабтарының, саяси партиялар мен БАҚ өкілдерімен семинар-кеңестер өткізді. ОСК мүшелері қатысушыларды Президент сайлауын дайындау мен өткізудің ерекшеліктері туралы хабардар етті. Сайлау науқанының негізгі кезеңдерінің ерекшеліктері, президенттікке кандидаттарды ұсыну және тіркеу қорытындылары, мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету, электоралдық оқыту және басқа да мәселелер егжей-тегжейлі қаралды.

Өз кезегінде уәкілетті мемлекеттік органдар ОСК мүшелеріне өңірлерде сайлаушылар тізімдері бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мүгедектігі бар азаматтар үшін сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, сайлау үдерісіне қатысушылардың сайлау заңнамасын заңдылықтың сақталуын қадағалауды жүзеге асыру, дауыс беру күні сайлау учаскелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сайлау бюллетеньдерін күзету және жеткізу туралы баяндады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзНұрлан ӘбдіровПрезидент сайлауы
Previous Post

Салтанат Тұрсынбекова Түркістанда зейнеткерлермен кездесті

Next Post

ТҮРКІСТАН: КАНДИДАТТЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫНА ШЕБЕРЛЕР ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі