13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мейрам Қажыкен Семей медициналық университетінде болды

3 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Мейрам Қажыкен Семей медициналық университетінде болды
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Семей медициналық университетінде болды. Бұл – Павлодар мен Өскеменде өз ауруханасы мен филиалы бар елдегі ең ірі медициналық жоғары оқу орындарының бірі.

Кандидат ұжымға өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Жиында республиканың нарықтық қажет­тіліктеріне сәйкес елдегі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім «елдің зияткерлік әлеуетін қалыптастыра алатындай» жаңғыртылуы қажет екені айтылды. Сондықтан М.Қажыкен өңірлік университеттерге көбірек көңіл бөлу керек екенін, түрлі ғылыми зерттеулер жүргізілу үшін әр білім ордасы өзінің ғылыми-техникалық базасын құру керек екенін айтты.

Кандидат жалақыны көтеру, әлеуметтік төлемдер және зейнет жасын төмендету секілді тақырыптарды да қозғады. Бұл ретте, базалық әлеуметтік мөлшерлемелерді қайта қарау қажеттігін нақтылады. «Азық-түлік бағасын қайта есептеу керек. Коммуналдық қызметтер, балаларға тәттілер, кітап сатып алу, театрға кем дегенде айына бір рет бару керек. Бірақ бұл шығындар ескерілмейді. Осылай жұмыс берушілер қызметкерлердің жалақысын есептеу кезінде ең төменгі жалақының шағын көрсеткішін шығарады. Ол үшін мұнай ресурстарына емес, кәсіпкерлікке байланысты экономика моделін өзгерту керек», деді Мейрам Қажыкен.

Tags: 13kz13kz.kz13кзМейрам ҚажыкенПрезидент
Previous Post

Қасым-Жомарт Тоқаевтың штабы Алматы облысының тұрғындарымен кездесті

Next Post

Салтанат Тұрсынбекова Түркістанда зейнеткерлермен кездесті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі