Биыл Түркістан облысы, Түлкібас ауданына қарасты Түлкібас кенті мен Абай, Жаскешу, Жаңаталап, Жабағылы, Керейт, Т.Рысқұлов, Ынтымақ елді мекендерінде тозығы жеткен 782 электр бағанасы мен 32,55 шақырым электр желісі жаңартылды. Соның ішінде 155 бағана мен 7,9 шақырым жоғарғы кернеулі электр желісін, 627 бағана мен 21,15 шақырымы төменгі кернеулі электр желісін құрайды. Бұдан бөлек тозығы жеткен 5 трансформатор жаңартылып, электр қуаты төмен 2 елді мекенге қосымша 2 трансформатор орнатылып отыр.
Бұл туралы аудан әкімі Нұрлан Байғұттың төрағалығымен өткен кезекті лездемелік жиында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің Түлкібас аудандық электр желілері бөлімінің басшысы А.Досов мәлімдеді. Сонымен қатар ауданда тұрғындар тарапынан көтерілген үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету, ескірген электр бағаналарын ауыстыру сынды мәселелер жоспарға сай рет-ретімен шешімін тауып келеді.
Түркістан облысында 2021 жылы 32 000 тұрғыны бар 40 елді мекен сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді. Ал 2022 жылы қосымша 38 300 тұрғыны бар 10 елді мекен электр энергиясымен жабдықталады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыста 265 елді мекенде 358,9 мың тұрғынды сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету көзделген.
Биыл Түркістан қаласының маңында «KEGOC» АҚ құрылысын жүргізген кернеуі 220 кВ «Орталық» жаңа қосалқы станциясы пайдалануға берілді. Ол трансформатор қуатын 250 МВА-ға арттыруға мүмкіндік береді.«Орталық» қосалқы станциясы «KEGOC» АҚ-ның «Түркістан қаласының сыртқы электрмен жабдықтау схемасын күшейту. Электр желілік объектілер салу» жобасының аясында Сауран ауданы аумағында, Түркістан халықаралық әуежайына жақын маңайда салынды. Жалпы құны 9,93 млрд теңгені құрайтын жоба компанияның меншікті қаражаты есебінен іске асырылды.
Жаңа қосалқы станция 220кВ құрайтын екі энергетикалық желі байланысымен қамтамасыз етілген. Әрқайсысының қуаты 125 МВА-ға тең екі трансформатор орнатылған. Ал энергия объектісінің жалпы номиналдық қуаты – 250 МВА. Осының нәтижесінде, жергілікті электр тарату желісінің, өңірлік желінің қажетті өткізу қабілетінің дамуына тиісті жағдайлар жасалып отыр. Жаз кезінде Түркістан 50-60 мегаватт электр қуатын тұтынады. Ендігі жерде жаңа энергиялық қуатты шамамен 180 мегаватқа көтеруге мүмкіндік бар. Яғни бұрынғы тұтыну көрсеткішінен үш есеге артады.