13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мейрам Қажыкен Семейдегі зауыт жұмысшыларымен кездесті

2 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Мейрам Қажыкен Семейдегі зауыт жұмысшыларымен кездесті
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкеннің үгіт-насихат жұмыстары Семей қаласында жалғасты.

Үміткер барған алғашқы нысан «Семей инжинеринг» зауыты болды. Кәсіпорын жұмысшыларымен кездесу барысында кандидат экономикалық реформалардың бір бөлігі ретінде ең төменгі жалақыны қалыптастыру тақырыбына тоқталды.

– Бүгінгі таңда ең төменгі жалақының (ЕТЖ) қалай анықталатыны белгісіз. Мен оны индекстеуді ашық етіп қана қоймай, ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) дамыған елдерінің деңгейіне жеткізуді ұсынамын. Тиісінше ЕТЖ 60 мың теңгені емес, кем дегенде 150 мың теңгені құрайтын болады,- деп нақтылады үміткер.

Кандидат азаматтық қоғам тақырыбына тоқталып,  бұл сайлауалды бағдарламасының негізгі бөлімі екенін атап өтті.

– Мемлекет әрбір азаматқа өзін-өзі дамыту үшін қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктер жасауы керек. Азаматтың өзі әлеуметтік серіктестік, атап айтқанда кәсіподақтар, кәсіпкерлер қауымдастығы, азаматтық қоғам институттары арқылы өмір сүру жағдайларын өзгерте алатын үдерістерге қатысуы керек. Бұл – біздің алға қойған мақсатымыз, — деді үміткер.

Айта кетейік, бұл орын 1987 жылы ашылғаннан бастап 2004 жылға дейін «бронды жөндеу зауыты» деп аталған.

Tags: 13kz13kz.kz13кзМейрам ҚажыкенПрезидент сайлауы
Previous Post

Нұрлан Әуесбаев Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесті

Next Post

Тоқаевтың республикалық штабы ШҚО жұртшылығымен кездесті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі