13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Жас сарбаздар өмірлерінің жаңа кезеңін бастауда

1 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Жас сарбаздар өмірлерінің жаңа кезеңін бастауда
Share on FacebookShare on Twitter

Күзгі әскерге шақыру науқаны аясында Атырау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласынан 130-дан астам әскер қатарына шақырылғандар «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасы әскери қызметшілерінің қатарын толықтырып, бастапқы әскери даярлық курсынан өтуге кірісті.

Жас жауынгерлер өмірлерінің жаңа кезеңін бастауда: олар командаларға, тәртіппен күнделікті өмір сүруге және жауынгерлік дайындық пәндерін үйренуде. Олармен саптық, дене шынықтыру, әскери-медициналық даярлық, жалпы әскери Жарғылар және әскери қызмет қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар басталуда. Сонымен қатар, әскери қызметшілер қару-жарақ пен әскери техниканың мақсатын, жауынгерлік қасиеттерін, жалпы құрылымын игере бастады.

Күн сайын саптық алаңда әскери қызметшілер саптық дайындықтарын пысықтайды. Дайындық жеке және бөлімше құрамында жүргізіледі. Олар аяқты көтеруге және қоюға, саптық техниканы синхронды орындауға, қозғалыс кезінде теңестіруге үйретеді.

Жас толым жиындарының бастығы подполковник Ринат Калидолдин атап өткендей, әскерге шақырылушылар әскери қызметтің мәні мен мақсатын игеруі керек.

— Жас сарбаздарды әскери ұжымның өміріне жоспарлы түрде енгізу үшін сабақтар өткізудің оқу жоспарлары жасалып, бекітілді, сондай-ақ оларды әскери қызметке сәтті бейімдеу үшін іс-шаралар кешені дайындалды, — деп атап өтті бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Ринат Калидолдин.

Сондай-ақ, жас әскерилермен әскери психологтар мен әскери дәрігерлер жұмыс істейді. Олардың міндеті – әскерге шақырылушыларды жан-жақты зерттеу және бөлімше командирлеріне әр сарбаздың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқу процессі мен тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар дайындау.

Әскерге шақырылушыларды салтанатты ант беру ағымдағы жылдың қараша айының соңына жоспарланған.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Түркістан : Бәйдібек ауданында жас сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салды

Next Post

АРҒЫНБЕКОВ КӨШЕСІНЕН БӘЙДІБЕК БИ ДАҢҒЫЛЫНА ӨТЕТІН ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАРАШАНЫҢ 1 КҮНІ САҒАТ 15:00 ДЕ АШЫЛАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі