13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Мейрам Қажыкен облыстық сайлауалды штабтармен онлайн-конференция өткізді

1 ноября, 2022
in Uncategorized
0
Мейрам Қажыкен облыстық сайлауалды штабтармен онлайн-конференция өткізді
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен облыстық сайлауалды штабтармен zoom-конференция өткізді.

Үміткер үш облыста өткен сапар нәтижелері, республиканың ірі кәсіпорындарының қызметкерлері, студенттер, жас кәсіпкерлер және кәсіподақ мүшелерімен өткен кездесулер жайлы айтты.

Өз кезегінде, сенімді тұлғалар өңірлердегі штабтар жұмыстары туралы есеп берді. Онлайн-кездесу барысында сайлау науқанының барысы мен кандидаттың жоспарланған сапарларына қатысты бірқатар мәселелер көтерілді.

Күннің екінші жартысында Мейрам Қажыкен кәсіподақтар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесті. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар әлеуметтік әріптестік, еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу тақырыптарын талқылады.

«Әлемдік тәжірибеде екі тарап – жұмыс беруші мен қызметкердің пікірлері бір жерден шықпаса, онда талқылау барысында олар өзара тиімді шешімдерге қол жеткізеді. Осыдан соң олар заң жүзінде, белгілі бір нормалар мен ережелерді қабылдау үшін мемлекетке тең серіктес ретінде көмекке жүгінеді. Бұл біз алдағы уақытта қол жеткізетін, тараптардың қарым-қатынасының жаңа форматы болмақ. Алайда, бұл қиын жол, себебі көптеген кәсіпкерлер жұмысшыларға сенбейді және болашақ қызметкерлер де жұмыс берушілерге көп жағдайда сене бермейді. Мұның барлығы өткенде қалуы тиіс, біз бұл тәжірибеден біртіндеп бас тартуымыз керек», – деп атап өтті Президенттікке кандидат.

Айта кетейік, 2021 жылдың көктемінде ҚР Үкіметі, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері және кәсіптік одақтардың республикалық бірлестіктері арасында 2021-2023 жылдарға арналған Басты келісімге қол қойылған еді. Құжаттың негізгі міндеттері – жұмысшыларға қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау.

Tags: 13kz13kz.kz13кзМейрам ҚажыкенПрезидент сайлауы
Previous Post

ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДЫҚ ШТАБҚА 600-ДЕН АСТАМ ҰСЫНЫС КЕЛІП ТҮСКЕН

Next Post

Түркістан : Бәйдібек ауданында жас сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі