13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Сайлау күні Брайль шрифтімен трафареттер қолданылады

1 ноября, 2022
in Uncategorized
0
Сайлау күні Брайль шрифтімен трафареттер қолданылады
Share on FacebookShare on Twitter

Осы жылдың 20 қарашасында өтетін кезектен тыс президент сайлауында Брайль шрифтімен трафареттер қолданылады. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова айтты.

«2022 жылғы 22 қыркүйекте жүргізіліп жатқан жұмыстарды жетілдіру мақсатында ЕҚЫҰ ДИАҚБ сарапшыларымен онлайн-консультация өткізілді. Мүгедектігі бар адамдар үшін қолайлы жағдай жасау үшін халықаралық стандарттар мен ЕҚЫҰ елдерінің үздік халықаралық тәжірибесі егжей-тегжейлі қаралды», — деді ол Орталық сайлау комиссиясы жанындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс тобының отырысында.

Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы жұмыс тобы мүшелерінің, мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің мүгедек адамдардың тарапынан сайлау құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты келіп түскен ұсыныстарын зерделеді. Барлығы 30-ға жуық ұсыныс түсті. Олардың кейбіреуі дауыс беруге арналған үй-жайды жарақтандыру, сондай-ақ мүгедек азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа еріктілерді, ым-ишара тілі мамандарын тарту мәселелерін жан-жақты қарастырады.

«Брайль шрифтін пайдалана отырып, көру қабілеті бұзылған адамдар үшін трафареттерді әзірлеу туралы ұсыныс ескерілді», — деді Анастасия Щегорцова.

Tags: 13kz13kz.kz13кзПрезидент сайлауы
Previous Post

Нұрлан Әуесбаев құрылысшылармен кездесті

Next Post

Жигули Дайрабаев ауыл шаруашылығы өндірушілерімен кездесті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі