13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН: ТЕМІРЖОЛШЫЛАР КАНДИДАТ Қ.К.ТОҚАЕВТЫ ҚОЛДАЙДЫ

1 ноября, 2022
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН: ТЕМІРЖОЛШЫЛАР КАНДИДАТ Қ.К.ТОҚАЕВТЫ ҚОЛДАЙДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалицияның Түркістан облыстық штабы сайлаушылармен кездесуді жалғастырып жатыр. Бүгін штаб төрағасы Бейсен Тәжібаев бастаған кандидаттың сенімді өкілдері «Түркістан темір жол» вокзалында болып, ондағы еңбек адамдарымен және ұжыммен кездесті.

Сайлауалды бағдарламадағы айқын басымдықтарды атап өткен Бейсен Дәулетұлы, алдағы уақытта атқарылар жұмыстармен таныстырды. Кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы ұсынған «Әділетті мемлекет – әділетті экономика – әділетті қоғам» қағидаттарынан тұратын бағдарлама еліміздің алдағы 7 жылдағы даму бағдарын айқындайтынын атап өтті.

— Азаматтардың адал өнімді еңбегі құрметтеледі, қорғалады және оған лайықты еңбекақы төленеді. Біз жұмысшы құқықтары мемлекеттің қатаң қадағалауымен және күшті кәсіподақтармен қамтамасыз етілетін бәсекеге қабілетті және қауіпсіз еңбек ортасын құрамыз. Біз ішкі еңбек нарығын қорғап, еліміздің азаматтары болып табылатын жұмысшылардың мүдделерін қамтамасыз етеміз» — деді штаб төрағасы.

Кездесуде облыстық мәслихаттың депутаты, «Ақ жол» партиясының атынан облыстық штабтың мүшелігіне енген Әбдірасұл Құрбаналиев 2025 жылдан бастап инфляция деңгейіне байланысты ең төменгі жалақыны көтеру механизмі енгізілетіндігін айтып өтті.

— Кандидатымыз еңбек адамдарының мәселесене айрықша көңіл бөліп отыр. Себебі, елді дамудың даңғыл жолына бастайтын негізігі күш еңбек адамдары — Сіздерсіздер. Әрбіріңіздің балаларыңыз жақсы оқып, білім алуы, бәсекеге қабілетті маман болу да біздің кандидатымыздың басты назарында» — деді ол.

Кездесуде Түркістан қалалық штабының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, «Түркістан станциясы» бастауыш партия ұйымының төрағасы Қадыр Сырлыбеков, қалалық мәслихат депутаттары Ақиқат Абдуллаев және Сүлеймен Арыстанов, «Шауғар» бастауыш партия ұйымының төрағасы Бақытжан Құлжабаев сайлауалды бағдарламадағы халықтың әл-ауқатын арттыру, еңбекті қорғау, лайықты еңбекақы төлеу, әлеуметтік қызмет түрлерінің сапасын жақсарту секілді басым бағыттар бойынша кең көлемді мәлімет берді. Сондай-ақ, алдағы сайлауға белсенді қатысуға шақырды. Ал, жарыссөзге шыққан теміржолшылар кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдайтындықтарын айтты.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспаөз қызметі

Previous Post

САЙЛАУҒА САЛҒЫРТ ҚАРАМАЙЫҚ!

Next Post

Салтанат Тұрсынбекова Кентау трансформаторлық зауытының қызметкерлерімен кездесті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі