13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Түркістан: Бұқаралық спортты насихаттау маңызды іс

31 октября, 2022
in Uncategorized
0
Түркістан: Бұқаралық спортты насихаттау маңызды іс
Share on FacebookShare on Twitter
Бұқаралық спортты насихаттау маңызды іс. Түркістанда футболдан кәсіби емес командалар арасында ойын өтті. Бұл доданың өзгелерден ерекшелігі, футбол алаңында  45- жастан асқан азаматтардан жасақталған командалар кездесті.  Сайыстың басты мақсаты- тұрғындар арасында салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. 

Түркістан арена стадионы 7 мың адамға арналған. Алаңға жиналған көрермендердің бірі «Ардагерлер» командасына жанкүйер болса, қалған жартысы «Әділетті Қазақстан» командасына тілекші болды. Жарыстың мақсаты  қала тұрғындарын спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.

Айдос Аппазов — «Әділетті Қазақстан» командасының капитаны. Ол 45 жасқа келсе де, теңбіл допты ұршықша үйіреді. Жасыл алаңдағы шараға көптен бері дайындалған. Алайда бүгін қос команда тең ойын көрсетті.

Шара барысында көрермендер де арнайы сыйлықтарға ие болды.  Осыдан соң Арыс қаласынан келген жетім балаларға 500 мың теңге қаржылай көмек көрсетілді. Қайырымдылық шара көпшіліктің жанына жылулық сыйлады.

Қатысушылар Түркістан тұрғындары арасында салауатты өмір салтын ұстанушылар санының көбейгеніне қуанышты. Бұқараның саулығын ойлайтын осындай жарыстар жүйелі түрде өтіп тұрғаны абзал.
Previous Post

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша өңірлерге барды

Next Post

Кандидат Нұрлан Әуесбаев Ақмол ауылындағы сайлаушылармен кездесті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі