13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА 90 МЫҢҒА ЖУЫҚ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА 90 МЫҢҒА ЖУЫҚ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ
56
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жоспарлы жұмыстар 2025 жылға дейін, әр жылдың көктем, күз айларында жүзеге асыру көзделген. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүзеге асыру үшін Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев тиісті мекеме басшылары мен ауыл әкімдеріне тапсырма жүктеді.

Ең алдымен көшеттердің түрі, климаттық жағдайға төзімділігін және суландыру жүйесімен қамту шараларын нақтылауды тапсырған аудан басшысы егілген көшеттерді күтіп баптайтын бағбан мәселесін де нақты шешу керектігін атап өтті.

– Бүгінге дейін көгалдандыру мақсатында біршама жобалар жүзеге асырылды. Дегенмен бұл шаралардың нәтижелі болуына жергілікті тұрғындар да атсалысуы тиіс. Тұрғындар арасында қоршаған ортаны тазалығы, күтіп баптауы секілді мәдениетті қалыптастыруымыз керек, – деді А. Есбаев.
Көгалдандыру жұмыстарына әрбір мемлекеттік, кәсіпкерлік нысандар да атсалысады. Соның ішінде аудан орталығын көгалдандыру мақсатында көшеттердің түрі мен саны, суғару жүйесі, сынды қажетті заттарға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, сызбалары дайындалды.

Айта кетсек, бұдан өзге Түркі әлемінің рухани астанасы әрі облыс орталығы мәртебесін алған Түркістанды көгалдандыру, жасыл желекке айналдыру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Үш жарым жылдан астам уақыттың ішінде қала аумағында көптеген көшеттер отырғызылды. Шаһардағы жасыл желекті тұрақты суару үшін қосымша ағын сумен қамтамасыз ету жобалары жүзеге асып жатыр. Келешекте Түркістанның айналасы ну орманға айналады.

Әрине, мұның бәрі дәл қазір айтуға ғана оңай. Себебі Түркістанның табиғаты құрғақ, аптап ыстық. Шіліңгір шілдеде қалада 40 градус қалыпты температура саналады. Термометрдің 43-45 граудсқа көтерілетін кезі де болады. Бұған шөлді аймақтың аңызақ желін қосыңыз.

Мамандардың айтуынша, климаты құрғақ аймаққа жататын Түркістанда егілген көшеттердің өзге өңірлермен салыстырғанда жерсінуі тым төмен. Әлемдегі жасыл желектің жерсіну көрсеткіші 70 пайызды құраса, Түркістанда бұл 50%-дан аспайды.

Киелі шаһарды жел эррозиясынан сақтап, экологиялық ахуалды тұрақтандыру және қолайлы климат қалыптастыру үшін қала айналасынан «жасыл» аймақ құрылған. Жасыл желекті күтіп-баптау жұмыстарына айрықша назар аударылған. «Қаланың өкпесіне» айналатын 30 мың гектар аймаққа сан түрлі ағаш отырғызылуда. Әр ағаштың түбіне тамшылатып суару жүйесі жеткізілуде. Қала аумағында ұңғымалар қазылып, су арналары жүргізіліп жатыр. Бірнеше су қоймасы салынуда. Жасыл желектің тамыр жайып, жерсінуі үшін бау баптаған бағбандар тартылған.

Ә. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми зерттеу институтының басқарма төрағасы Әлімжан Рахымжановтың пікірінше, «Түркістанның «жасыл» аймағы Нұр-Сұлтан қаласы «жасыл» белдеуінің аналогы ретінде жасалып отыр.

Previous Post

Жаңа ғасырдағы жаңа Түркістан экономикалық тұрғыдан да көш бастап келеді

Next Post

ТҮРКІСТАНҒА ИТАЛИЯДАН ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі