13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА САЯСИ РЕФОРМАЛАРДЫҢ ЖАЛҒАСЫ

31 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА САЯСИ РЕФОРМАЛАРДЫҢ ЖАЛҒАСЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістан қаласындағы «Оқушылар сарайында» ҚР Президенттігіне кандитат Қ.Тоқаевтың сенімді өкілдері Ғаппар Сарсенбаев, Сейдулла Садықов, Ғалымжан Бимурзаев, Балтагүл Оспанова мен Ардақ Мансуров тұрғындармен және мекеме ұжымымен кездесті. Кездесу барысында Қ.Тоқаевтың Жолдауы мен сайлауалды бағдарламасы талқыланып, бірнеше маңызды бағыттар жайлы әңгіме өрбіді. Сонымен қатар, Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасына сәйкес, тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында сөз алған сенімді өкіл Сейдулла Садықов Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық саладағы реформалары ел игілігі үшін қызмет етіп келе жатқанын айтты.

— Қасым-Жомарт Кемелұлы Президент болған сәттен бастап, түрлі салаға соны реформалар енгізіп, Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайын, құқығының қорғалуын, ел экономикасының өркендеуін мақсат ететін тың бастамалардың жүзеге асырылуына ықпал етіп келеді. Өйткені, экономика мен әлеуметтік сала бір-бірінен ажырамайтын, бір-біріне тәуелді егіз сала. Бүгінгі таңда түсіндіріліп жатқан сайлауалды бағдарламасы да осыған дейінгі реформаларының жалғасы секілді. Алдағы жеті жылға жоспарлаған жоспарлаған жұмыстары көпшіліктің көңілінен шығады және Отанымыздың гүлденуіне септігін тигізеді деп сенемін, — деді ол.

Ал, штаб мүшесі Ғаппар Сарсенбаев сайлауалды бағдарламаның салаларына тоқталып:

— ҚР Президенттігіне кандитат Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында экономикалық сала ғана емес, әлеуметтік саланың түрлі бағыттары қарастырылған. Әсіресе, азаматтардың құқығын қорғау, табысын арттырып, қоғамдағы рөлін күшейту, жасөспірімдер мен ауыл азаматтарының жағдайын жасау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген. Бұл жаңа Қазақстанды құрудың алғышарттары іспеттес. Ал, жаңа Қазақстанды құру үшін бірлік керек, — деді.

Жиын барысында қатысушылар алдағы маңызды саяси науқан туралы ойларын ортаға салып, сенімді өкілдер қатысушылар тарапынан көтерілген мәселелер мен сұрақтарға жауап берді. Кездесу соңында штаб мүшелері барша жерлестерін сайлауға қатысып, болашаққа нық қадам жасауға шақырды.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Previous Post

Шымкентте «Әйелдің ел дамуындағы рөлі» форумы өтті

Next Post

Президент сайлауында бюллетенге кандидаттардың аты әліпби ретімен жазылады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі