13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САЙЛАУ КҮНІ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ИНВАТАКСИ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

31 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
САЙЛАУ КҮНІ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ИНВАТАКСИ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы жанынан құрылған мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

Жиында 20 қарашада өтетін Президент сайлауында мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруі үшін қолайлы жағдай жасау мәселесі қаралды.

— Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының ережесін және жұмыс тобының жаңа құрамын бекіттік. Оның құрамына 19 адам, яғни мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кірді, — деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Осыдан кейін ҚР ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова жергілікті атқарушы органдар ұсынған деректерге сәйкес, еліміздегі сайлау учаскелерінің 92 пайызы пандустармен, 82,3 пайызы ғимаратқа кіреберістегі тактильді белгімен қамтамасыз етілгенін айтты.

— Учаскелердің 95,2 пайызында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнаулы бұрыш жабдықтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар учаскелердің 94,1 пайызында кабиналарды кресло-қоларбамен жүретін азаматтарға қолжетімді етіп жабдықтау көзделіп отыр. Дауыс беретін күні инватакси қызметі жұмылдырылатын болады, — деді ол.

Previous Post

Президент сайлауы – Қазақстанды саяси трансформациялаудағы маңызды қадам

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі