13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Министр түркістандық зейнеткерді марапаттады

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Министр түркістандық зейнеткерді марапаттады
Share on FacebookShare on Twitter

Ол «Еңбек ардагері» ведомстволық медалімен марапатталды. Қазан айының соңғы жексенбісі — Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Осы күннің қарсаңында елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында саланың үздік қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Арнайы шарада ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Түркістан облыстық Еңбек инспекциясының ардагері, зейнеткер Мұханмадияр Баяндиевті әлеуметтік-еңбек саласындағы көп жылғы адал еңбегі, сондай-ақ еңбек жолындағы жоғары нәтижелері үшін «Еңбек ардагері» ведомстволық медалімен марапаттады. Айта кетейік, Мұханмадияр Дарменұлы 1956 жылы Арыс ауданы Темірлан ауылында дүниеге келген. 2010 жылы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің бұйрығымен «Әлеуметтік жұмыс үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Айта кетейік, Жалпы, Түркістан облысында әлеуметтік қорғау саласында еңбек жасайтын 3 мыңға жуық қызметкер облыс халқының үштен бір бөлігіне (730 мың адам, (36%)) әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуде.

Әлеуметтік қолдауларды көрсетуде биылдың өзінде 54,3 млрд.тг қаржы бөлінді.
Оның ішінде «Еңбек» бағытын жүзеге асыруға 22,8 млрд.теңге қаралып, 86 686 адам жұмыспен қамтылды, 3 мыңға жуық азамат қайтарымсыз грант алып өз кәсібін ашты.

Мүгедектігі бар азаматтардың 76 пайызы техникалық оңалту құралдары ұсынылды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызға дейін, кедейлік деңгейі 2 есеге төмендеді.

Келесі жылы да халықтың табысын арттыру бағытында жұмыстар жүргізіледі.
Мемлекет Басшысы Қазақстан халқына жасаған Жолдауында ең төменгі жалақы 70 мың теңгеге дейін ұлғайтылатынын айтып өтті.

Бұл ретте, жалақы алатын 800 мың адамды тікелей қамтуға мүмкіндік береді.
Қазақстанның болашағы – жастарды қолдау мақсатында жастардың кәсіпкерлік бастамалары үшін 2,5%-дан жеңілдетілген шағын несие берілетіні көзделді.

Previous Post

Мебель "ШЫМКАЙ" востребована на рынке страны

Next Post

План налоговых поступлений в Шымкенте выполнен с избытком

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі