13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 2 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҮГІРУДЕН МАРАФОНҒА ҚАТЫСТЫ

30 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА 2 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҮГІРУДЕН МАРАФОНҒА ҚАТЫСТЫ
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгін Түркістан қаласында Turkistan Marathon 2022 марафоны өтті. Салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты насихаттау барысында өткізілген жарысқа еліміздің түкпір-түкпірі мен алыс-жақын шетелден келген 2 мыңнан астам спорт жанкүйерлері қатысып, бақтарын сынады.
Эстафеталық сайыс «Almaty Marathon» ұйымдастырушыларымен Түркістан қаласында тұңғыш рет өткізілді.
Марафон – әлем бойынша жылдам дамып келе жатқан спорттық туризмнің бір түрі. Қатысушылар үшін марафонға қа­тысу тек хобби емес, өзге елдерге саяхаттаудың ерекше түріне айналған.
Жарысқа қатысуға Қазақстанның 12 облысынан және шет мемлекеттерден қатысушылар да ниет білдірген. Спортсүйгіш жандардың басын қосатын ауқымды жобаға қатысқан Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды марафонға қатысушыларға сәттілік тіледі.
— Бүгінгі марафон өңірімізде бұқаралық спорттың дамуына өзіндік үлесін қосады деп ойлаймын. Марафонға қатысуға 12 елден 2 мыңнан астам үміткер өтініш берді. Бұл – Түркістанда спортқа қызығушылық жоғары екенінін көрінісі. Баршаңызға сәттілік тілеймін! — деді облыс әкімі.
Таңмен таласа оянып жүгіруге келген спорт әуесқойлары үшін үлкен жүгіру старты калоритті этностильде ұйымдастырылды. Спорттық додаға қатысқан 2000-нан астам марафоншы төрт қашықтық бойынша, яғни 10, 21 және 42,2 шақырым жүгіріп өтті. Балалар 3 шқ. қашықтықты бағындырды.
Шара қорытындысы бойынша жүзден жүйріктер қаржылай сыйлыққа ие болды.
Осылайша Түркістан тек түркі халықтарының рухани астанасы емес, халықаралық деңгейде жүгіруден марафон өткізілетін орталыққа айналады.
«Туристерді көне шаһарға тартудың бір жолы — осы» дейді өңірдің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығы. Мәселен, 9 қазан күні халықаралық деңгейде тағы бір марафон өткізілген. Түркі тілдес мемлекеттерінің спортшылары оған қызығушылық танытып, қатысуға өтінім берген болатын. Жалпы спорттық сайысқа 5 мыңнан аса желаяқтар қатысқан.
Айта кетейік, бұған дейін ел Тәуелсіздігінің 30 жыл толуы мен «Түркістан – түркі елдерінің рухани астанасы» аталуына орай халықаралық марафон өткен болатын. Оған әлемнің 19 елінен үш мыңға жуық спортшы қатысқан еді.
Previous Post

Су басу қауіпі бар аумақтар бойынша анықтама

Next Post

Ортсайлауком мүшелері халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл бойынша жұмысты жүйелі жүргізуде

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі