13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Инвестицияға тартымды, өнеркәсібі сан қырлы өңір

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Инвестицияға тартымды, өнеркәсібі сан қырлы өңір
Share on FacebookShare on Twitter

Соңғы 3 жылда облыс экономи­касына 1,4 трлн теңгеден астам инвестиция бағытталып, 5 есеге өсті. Ал былтыр инвестиция кө­лемі 800 млрд теңгеге жетті.

Облыста инвестиция көлемі 259,1 млрд теңге болатын 69 инвес­тициялық жобаны жүзеге асыру жос­парлануда (3 300 жұмыс орны). Ал бес жылда 58 серпінді жобаны жүзеге асыру мін­деті енгізілген. Жыл басынан бері 165,9 млрд теңгеге 26 жоба іске қо­сылып, 1 536 жұмыс орны ашылды.
Инвесторларға «бір терезе» қа­ғи­даты бойынша қызмет көрсететін TURKISTAN INVEST ЖШС-да фронт кеңсе үзіліссіз жұмыс істеп тұр. Елбасының Жарлығына сәйкес жалпы ауданы 3 987,3 га 6 қосалқы аймақтан тұратын Turkistan арнайы экономикалық аймағы құрылды. Мұның бәрі Түркістанның өнді­рістік әлеуетін, өнеркәсібін жан­дандыратыны анық.

Облыста өнеркәсіп өнім көлемі 530 млрд теңгеге жетіп, өткен жыл­дың тиісті кезеңінен арта түсті. Биыл 8 инвестициялық жобаны жү­зеге асыру жоспарланған. Оған 18,3 млрд теңге инвестиция тарты­лып, 587 жаңа жұмыс орны құрыла­ды деп межеленген. Бүгінде 3 жоба қосылып, 124 жұмыс орны ашылды. 3,6 млрд теңге инвестиция тарты­лып, BOKEI ЖШС жұмысын бастады. «CaPable Group мүгедектер қоғамы» жобасы да жүзеге асыры­лып, 60 адам жұмыспен қамтылды.

Өңірдің индустриялдық әлеуетін жақсарту мақсатында 698,2 га ау­мақта 9 индустриалдық аймақ құ­рылған, оның ішінде 7 аймаққа инфрақұрылым тартылған. Индус­триалдық аймақтарда 30 жоба іске қосылып, 750 жұмыс орны ашылды, инвестиция көлемі – 25,3 млрд тең­ге. Биыл 632 жұмыс орнымен 8 жо­баны іске асыру жоспарланса, бү­гінгі таңда 5-еуі іске қосылды. Атап айтсақ, киім тігумен айналысатын Turkistan textile ЖШС-не 426 млн инвестиция тартылып, 600 жұмыс орны құрылды. Газбетон блоктарын шығаратын EKP-GROUP 878 кәсіпорнына 1 млрд теңге тартылып, 16 жұмыс орны ашылды. «Алексан­дровский сад» ЖШС-ның жеміс-жидек сақтау қоймасы да ашылып, 100 адамды жұмыспен қамтуға мүм­кіндік туды. Сылаққа арналған тор өндіретін «Таженов Е.Е» кәсіпорны, суық және ыстық асфальт шыға­ратын «Бесқасқа» ЖШС өнді­ріске қосылды.

Алдағы уақытта аса маңызды әрі ірі жобаларды іске асыру жоспар­лануда. Ордабасы ауданында «Мұ­най өңдеу зауыты». Салынып жатыр. Жоба құны – 130 млрд теңге. Ол іске қосылған соң 650 адам жұ­мыспен қамтылады. Түлкібас ауда­нындағы «Састөбе химиялық ке­ше­ні» жобасының құны – 136,6 млрд теңге. 2023 жылға қарай ашылатын зауытта 500 жұмыс орны құрылады. Түркістан қаласында «Тұрмыстық техника шығаратын зауыт» жобасы іске асырылады. 2 200 жұмыс орны ашылады. Созақ ауданында құны 129,9 млрд теңгелік «Фосфорит өң­деу зауыты» жобасы іске асырылып, 1 000 жаңа жұмыс орны құрылады. Осы және өзге жобаларды жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан қол­дау, қажетті инфрақұрылым тар­тылатын болады. Бұл ілкімді істің бәрі Жол карталарындағы міндет­терді орындау барысында жүзеге асырылып жатыр.

Түркістан – шағын және орта кәсіп­керлікті жүргізу үшін қолайлы бизнес климат қалыптасқан өңір. Кәсіпкерлік субъектілерінің саны өсіп келеді. Облыста жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 144 мыңға жетіп, соңғы 3 жыл­да 17 мыңға артты. Өндірілген өнім 1,6 есеге ұлғайып, 399,2 млрд теңгеге жетті. Бұл саладағы өсім бойынша өңір республикада көш бастап тұр. Шағын және орта бизнестің эконо­микадағы үлесі 22,1% болды.

Previous Post

В КОНКУРСЕ "ЛУЧШИЙ ПЕДАГОГ-2022" ЛУЧШИМИ СТАЛИ ШЫМКЕНТСКИЕ ПЕДАГОГИ

Next Post

Шынар – лучший молодой специалист производства

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі