13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан өңірінде ауыл шаруашылығын дамытуға тың тәсілдер енгізілді

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан өңірінде ауыл шаруашылығын дамытуға тың тәсілдер енгізілді
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында ауыл шаруашылығына қолдауды күшейтуге ерекше мән берілген. Себебі өңір үшін бұл саланың орны ерекше. Облыс халқының 80 па­йыз­ға жуығы ауылда тұрады. Мың­даған отбасы ауыл шаруашылығы арқылы өз-өздерін жұмыспен қам­тып, елдің дамуына үлес қосып келеді.

Өткен жылы Түркістан облысында 805,3 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өн­ді­ріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 128,7 млрд теңгеге артты. 842,4 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Мұнда ғылымға негізделген жаңа жобаларға да басымдық берілді. Солардың бірі – егістікті әртараптандыру. Осы бастама нә­тижесінде көкөніс, бақша, картоп өнімдерінің түсімділігі орташа 20 центнерге өсіп, өткен жылдан 500 мың тоннаға артты. 3,3 млн тонна өнім жиналып, рекордтық көрсет­кішке қол жеткізілді.

Ал өңірде ауыспалы егіс­тің көлемі 179,9 мың гектарға арт­тырылып, жылыжай алаңы 1 300 гек­тарға кеңейтілді. Тіпті жаңадан 105,3 гек­тарға жылыжай салынып, жалпы алаңы 1 440 гектарға кеңейді. Рес­пуб­ли­кадағы жылыжайлардың 71 пайызы Түркістан өңірінде орналасқан.

Бүгінде Түркістан қаласы айна­ласында азық-түлік белдеуін құру жобасы шеңберінде 11 мың гектар аумақта өнімділігі жоғары жаңбыр­латып суғару технологиясы ендірі­ліп жатыр. Өңірде 163 шағын ша­руа­шылықтардан тұратын 2 коопе­ратив құру есебінен 2 мың гектарға 47 бірлік жаңбырлатып суару қон­дырғылары орнатылды. «Бір алқап­тан жылына 2-3 өнім алу» жобасы аясында 8,9 мың га 2878 жоба іске асырылып, 280 мың тонна көкөніс өнімі жиналды.

Республикада суармалы жер­лердің 3/1 бөлігі облысқа тиесілі (548,2 мың га). Суармалы жерді тиімді пайдалану мақсатында Түр­кістан облысын әлеуметтік-эконо­микалық дамытудың кешенді жос­пары аясында маңызды су нысан­дарының құрылыс-жөндеу жұмыс­тары қарқынды жүргізілуде. Оның ішінде «Түркістан магистралды ка­налын күрделі жөндеу» жобасы­ның маңызы зор. Бұрын ағын су 43 пайызға фильтрациялық шығынға ұшыраса, бүгінде 43 шақырым ка­налда бетондау жұмыстарының нә­тижесінде 22 млн текше метр су үнемделіп, 1,5 шақырым канал бо­йы абаттандырылды. Жоба толық іске асқанда 60 млн текше метр су үнемделеді. «Кеңсай — Қосқорған — 2» су қоймасы жобасы биыл пай­далануға беріледі. Ол арқылы 34 млн текше метр ағын су жеткізілмек. Жалпы, өңірді суландыру бағытын­да ауқымды жобалар жүзеге асырыла береді.

Мал шаруашылығында мал ба­сы мен өнімділік 4-5 пайызға артып, 291,4 млрд теңгеге өнім өндірілді. Өсім 103,5 пайызға жетті. Ет экс­порты бойынша облыс республикада 1-орында. Елімізде экспортқа шы­ға­рылатын ірі қара мал етінің 75 па­йызы, қой етінің 40 пайызы Түр­кістан облысына тиесілі. Биылдың өзінде 24 мың тонна ірі қара мал, 2,3 мың тонна қой еттері экспортталды. 4,1 млн тонна мал азығы жиналып, жос­пар 8 пайызға артығымен орын­далды.

Егін жинау науқаны үшін және мал шаруашылығын дамытуға мем­лекет тарапынан қолдау көрсетілу­де. Биыл барлығы 32,2 млрд теңге субсидия берілді.

Previous Post

Түркістан облысында негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша қарқынды өсім бар

Next Post

В КОНКУРСЕ "ЛУЧШИЙ ПЕДАГОГ-2022" ЛУЧШИМИ СТАЛИ ШЫМКЕНТСКИЕ ПЕДАГОГИ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі