Дені сау жас — ел ертеңі, алтын діңгек! Жастардың зиянды әдеттен аулақ болып, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Кентау қалалық емханасының нарколог және СӨСҚ дәрігері мен психолог мамандары Ә.Молдағұлова атындағы 19 мектептің оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында нарколог дәрігер Әсем Смаилова оқушыларға есірткі, алкогольдік заттардың адам денсаулығына зияны туралы баса айтып, зиянды әдеттен бойын аулақ ұстауға шақырды!
Психолог маман оқушыларға психикалық денсаулық жайында айтып, тренингтер өткізді.
Жалпы, ішімдік ішкен кезде қанға тез сіңіп, ағзаға күшті әсер етеді. Ішімдіктің әсерінен адамның ықыласы кеміп, байқампаздығы тежеледі, қимыл үйлесімділігі бұзылып, мінез-құлқында әдепсіздік, желікпелік, дөрекілік пайда болады. Адамды ақылынан ғана ажыратып қоймайтын арақ асқазан жолының кілегейлі қабықшасын зақымдап, қарында, ұлтабар ұшында уытты жара, гастриттің туындауына әкеліп соғады. Миға сіңген спирт жүйке клеткаларын уландырады, одан ойлау қабілеті бұзылып, рухани ауыр халге ұшырайды», – дейді мамандар.
Арақтың басты қасіреті-адам денсаулығын күйретуі. Зерттеулер көрсеткендей, кең көлемде жүргізілген үгіт-насихатқа қарамастан, елдің басым бөлігінің алкогольдік тәуелділік қалыптасуының заңдылықтары жөнінде нақты түсінігі болмай шықты.
Өкінішке орай, көпшілік арасында алкогольді аздап, «мәдениетті» пайдалану маскүнемдік дертіне шалдықтырмайды, ал бұл өз мүмкіндігін және арақ іше білмейтін адамдардың үлесіндегі жағдай деген жалған түсінік қалыптасқан.
Мәселен арақ ішу кейде жұтқынщақ, кеңірдек, ауыз қуысы, ас қорыту ағзаларының қатерлі дерттеріне, жүрек қантамыр жүйе сырқаттарына, нервтік-психикалық кеселдердің себептері болуы ықтимал.
Отбасындағы зорлық-зомбылық оқиғаларының үштен екісі және балалардағы қатігездіктің үштен-бірі ата-аналарының маскүнемдігіне байланысты. Өз кезегінде мұндай балалар басқалармен салыстырғанда зұлымдыққа және арақты шектен тыс ішуге жиірек бейім болады.
Арақ ішумен бақытсыз оқиғалардың, адам өлтірудің, өзіне қол жұмсаудың 50%-і сабақтас. Жол-көлік оқиғаларында да алкогольдің алар орны ерекше. Статистикалық деректер, спирттік ішімдік ішетін жоғары класс оқушыларының саны 55%-тен (1985ж.) 90%-ке дейін (1995ж.) өскендігін көрсетеді. Спирттік ішімдіктерді қолдануға әуестену көбіне салт, дәстүрге де байланысты. Балалардың санасында онды эмоциялар (мерекелер, кездесулер, той-томалақтар, қонақ күту және басқалары) мен арақ ішу қалады.Жастармен осындай бағытта кездесу өткізу аталған жаман әдеттен арылтады.