13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕНТАУДА: «Балалар қауіпсіздігі» рейдтік іс-шарасы жүргізілуде

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
КЕНТАУДА: «Балалар қауіпсіздігі» рейдтік іс-шарасы жүргізілуде
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласы прокуратурасының ұйымдастыруымен Кентау қаласының аумағында ағымдағы жылдың 27-28 қазан күндері аралығында «Балалар қауіпсіздігі» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараға қала прокуратурасының прокуроры Б.Абилкасымов, Кентау қаласы әкімінің орынбасары А.Байболова, қалалық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары Б.Янкин, қалалық ішкі саясат, білім бөлімі басшылары мен мамандары және ювиналды полиция тобының инспекторлары қатысты.
Рейдтік іс-шараның мақсаты жасөспірімдер мен кәмелет жасқа толмаған балалардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарындағы көшеде жүруін болдырмау болып табылады.

Жүргізілгелген рейдтік іс-шара барысында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүрген 11 жасөспірім анықталып, қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Сондай-ақ, заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Аталған іс-шара алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

Мұнан өзге ауданда оқушылардың сабаққа келіп-кету уақытында қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету, алдын алу бағытында «Абайлаңыз, балалар!» жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аталған іс-шараға бала тәрбиесіне мүдделі органдар атсалысуда. Шара аясында аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен мектеп алдына және балалардың жүру жолдарына рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Сонымен бірге, мектеп инспекторлары мен мұғалімдер тарапынан балаларға жол қозғалысы ережелерін, көшеде өздерін дұрыс ұстау, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі туралы ақпарат берілуде.
Жаяу жүргіншілер мен адам көп шоғырланатын жерлерде жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында сауалнамалар алынып, профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылды.

Previous Post

План налоговых поступлений в Шымкенте выполнен с избытком

Next Post

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТӨЛЕБИДЕ БІРНЕШЕ МЕКТЕП САЛЫНАДЫ»

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі