13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АҚБЕРЕН» БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АҚБЕРЕН» БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

«Толыбай батыр» атындағы №66 жалпы білім беретін мектебінде шығармашыл оқушылар арасындағы республикалық дәстүрлі «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңі басталды. Байқауға республикадағы арнайы мектептердің, гимназиялардың, лицейлердің жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сыныптағы шығармашыл оқушылары қатыса алады. Байқауға 6 номинация бойынша облыстық байқауда жүлдегер атанған 6 оқушыдан және 1 жетекшіден құралған команда қатысады.

Байқаудың негізгі мақсаты: 8-11 сыныптар арасындағы оқушылардың гуманитарлық–эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқыр талантын, дарындылығын ашу, олардың әмбебаптық қабілеттеріне баса ден қою (ақындық, шешендік шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау, т.б.) шығармашылық қабілеттерін айқындау болып табылады. Сонымен қатар, дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау және анықтау орталығы жас ұрпақтың бойына отаншылдық пен ұлттық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгеру, өлең жазу, ақындық, сөз өнерінің қадір-қасиетін түсіну, шығармашыл жастардың дарындылығын айқындау.

«Ақберен» республикалық олимпиадасы 6 номинацияны қамтыды:

«Шешендік, білгірлік сайысы»
«Көркемсөз оқу»
«Эссе жазу»
«Ұлттық аспапта өнер көрсету»
«Ақындар айтысы»
«Ақындар мүшәйрасы»

Қара өлеңге жан бітірген ақынжанды жастардың өнері тыңдаушысын баурап алды.Жалпы, байқауға қатысушылар шешендік өнер, көркемсөз оқу, шығарма жазу, ұлттық аспапта ойнау, ақындар айтысы сияқты алты сынақтан өтеді.Осы аталған номинациялар бойынша ең үздіктері іріктеледі.
Байқауға облыс бойынша 17 ауданнан адами әлеуетті дамыту бөлімдеріне қарасты жалпы орта білім беретін мектептер мен мамандандырылған білім беру ұйымдарынан — 147 оқушы қатысып, бақтарын сынады. Облыстық кезеңнен өткен оқушылар республикалық кезеңге жолдама алады.

Previous Post

Этнос өкілдері қазақтың киім үлгілерін көрсетті

Next Post

Сарыағаш: «Интернет-алаяқтықты алдын-алу шаралары» іске асуда

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі