13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБТЫҢ МҮШЕЛЕРІ САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

28 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБТЫҢ МҮШЕЛЕРІ САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб мүшелері Абай облысының сайлаушыларымен кездесті.

Кездесу барысында мәдениетті дамытуға, мемлекеттік тілді қолдауға, тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіруге айрықша мән берілді.

Абай облысының жұртшылығымен өңірлерді дамыту, ең алдымен, ауылдарда жайлы өмір сүруге жағдай жасау бойынша кандидат ұсынған шаралар талқыланды. Кездесуге 300-ден астам адам қатысты. Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов халқымыз Әділетті Қазақстан құру идеясының төңірегінде топтасуы тиіс екендігін атап өтті.

Бұдан соң, Әлихан Бөкейханов атындағы университетте жастармен кездесу өтті. Жиында Республикалық қоғамдық штаб мүшелері жастарға қатысты іс-шаралардың барлығы жүйелі түрде жүзеге асатынын атап өтті. Сонымен қатар, РҚШ мүшелері «Семей Цемент» АҚ-ға барып, кәсіпорынның еңбек ұжымына сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары туралы түсіндірді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы сайлауға арнайы құрылған сайтта жарияланды. Біздің басты мақсатымыз – Қазақстанда әділеттілік орнату. Ол үшін өткеннен сабақ алып, өткеннің қателігін түзетіп, қордаланған мәселелерді шешу керек», — делінген бағдарламада. Сайлауалды бағдарламада 4 бөлім бар: Үміткердің үндеуі; Әділетті мемлекет; Әділетті экономика; Әділетті қоғам.

Айта өтсек, жоспар бойынша штаб 200-ден астам елді мекенді аралап, 52 мыңнан астам іс-шара өткізуі керек. Жалпы үгіт-насихат жұмыстарына Халықтық коалициядан 7 мың 500 белсенді тартылған. Сонымен қатар 30 мың сенімді өкіл тіркеліп, 20 мың байқаушы дайындалды. Естеріңізге сала кетейік, Президент сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасында өтеді. Оған 6 үміткер қатысады.

Previous Post

КОЛЛЕДЖ ҰЖЫМЫ Қ.ТОҚАЕВТЫ ТОЛЫҚ ҚОЛДАЙДЫ

Next Post

Түркістан облысы: Битум зауытында полимерлі-модификациялау цехы ашылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі