13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТАҒЫ КӘСІПОРЫН ЖЫЛЫНА 5 МЫҢ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАДЫ

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТАҒЫ КӘСІПОРЫН ЖЫЛЫНА 5 МЫҢ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістанның кәсіпкерлері жарап тұр. Әсіресе қалада соңғы жылдары жиһаз өндірісі дами түскен. Соның арқасында көне шаһар облыс көлемінде жиһаз өндірісінен алдыңғы орынға шықты. Қаланың өңдеу өнеркәсібіндегі өндірістің 20 пайызын осы қатты және жұмсақ жиһаз өндірісі құрайды. Бүгінде облыстың орталығында 7 ірі кәсіпорын болса, жеке кәсіпкерлікпен тіркелген бірқатар шағын жиһаз цехтары да бар. Мәселен Гаранд Микс, Азия бренд, Мебель люкс, Кордиал – Түркістан сынды кәсіпорындарының өнімдері еліміздің өзге облыстары мен ТМД елдеріне шығарылады.
Иә, Түркістан облысында шағын кәсіпкерлікке басымдық беріліп, қолдау күшейтіліп келеді. Сондай кәсіпорындардың бірі – Сарыағаш ауданында орналасқан. Аудан әкімі Мұхит Отаршиев Қабланбек ауылдық округі, Cіргелі елді мекенінде орналасқан жеке кәсіпкер А.Утешевтің иелігіндегі жиһаз цехына арнайы барып, кәсіпорынның бүгінгі таңдағы жұмыс барысымен танысып шықты.
– Ауданда кәсіпкерлік нысандарының саны күн санап артуы – бұл саланың қарқынды дамып келе жатқандығының айғағы. Бастаған ісіңізге сәттілік тілеймін, атқарып жатқан еңбегіңіздің берекесін берсін, – деген аудан басшысы кәсіпкерлікке қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Айта кетсек, аталған нысан 1000 шаршы метр аумақта орналасқан. Заманауи Италия және Ресей жабдықтармен жабдықталған. Мұнда жиһаз құрастырумен қатар, қажеттілігіне қарай тақташаларды кесіп беру қызметі де көрсетіледі. Нысан жылына 5000 дана жиһаз құрастырып шығаруға қауқарлы. Аталған нысанды жеке кәсіпкер өз қаражаты есебінен салып, бүгінгі таңда 12 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Осы жұмыстардың нәтижесінде аудан бюджетіне 30 млн. теңгеден астам инвестиция тартылған.
Жеке кәсіпкер алдағы уақытта кәсібін одан әрі ұлғайтуды жоспарлауда.
Биыл 9 ай қорытындысына сәйкес аудан аумағында 18415 бірлік шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істеп тұр. Осы аралықта аудан экономикасына 15,7 млрд. теңге инвестиция тартылды.
Previous Post

Благоустройство территории "Шымсити" продолжается

Next Post

Шынар – өндірістің үздік жас маманы

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі