13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

27 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
Share on FacebookShare on Twitter

«Дені сау ұлт – мықты мемлекеттің негізі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында медицина саласындағы өзекті мәселелер назардан тыс қалған жоқ. Жолдаудағы үшінші бағдар – ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция. Бұл туралы өалалық қан орталығында өткен басқосуда сөз болды. Бүгін ҚР Президенттігіне үміткер Қ. Тоқаевтың сенімді өкілдері, штаб мүшелері «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары М.Қалмұратов, Қаратау аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ә.Иманқұлов, штаб мүшелері Ж.Таңатарова, Ж.Жазықбаева аталмыш мекеменің қызметкерлеріне Жолдаудағы медицина саласына қатысты реформалар кеңінен әңгімеледі.
Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Әрбір қалада, аудан орталығында, ірі ауылдарда сапалы дәрігерлік көмек көрсетілетін болады. Бұл – Әділетті Қазақстанды құру үшін аса маңызды басымдықтың бірі. Денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржыны көбейте береміз. 2027 жылы оның көлемі жалпы ішкі өнімнің кемінде 5 пайызына жетеді. Дәрігер мамандығының беделін арттыру үшін олардың биік мәртебесі заң жүзінде бекітіледі. Медицина қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіледі. Біз халық денсаулығын алдын-ала тексеру бағдарламасының аясын кеңейтеміз» деп айтқан болатын. Жаңа Қазақстанды құру жолында барлық саланың мамандары белсенділік танытып, өз үлесін қосуы маңызды. Алдағы сайлауда да әрбір азаматтың дауысы маңызды. Сол себепті әрбір қазақстандық мемлекет басшысын таңдауда дұрыс шешім қабылдауы тиіс.
#Toqaev2022

Previous Post

Партиялық емес байқау орталығы президент сайлауының барлық кезеңін бақылайды

Next Post

ШАЛҒАЙ АУДАНДАРҒА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖЕТКІЗІЛУДЕ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі