13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТӨЛЕБИ АУДАНЫ: КӨРКЕМСУРЕТ МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЛАРДЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

20 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТӨЛЕБИ АУДАНЫ: КӨРКЕМСУРЕТ МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЛАРДЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Төлеби ауданы – суретшілер отаны. Тума талант, қылқалам шебері Молдағали Қалдыбаев, кескіндеме шеберлері Тоқболат Тоғысбаев, Ерболат Төлепбай, Құрасбек Тыныбеков және Бексейіт Түлкиевтердің есімдері әлемді шарлап кетті. Ауданның 50-ден астам қылқалам шебері Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі болса, бір ғана Қасқасу ауылынан 17 дарын иесі КСРО Суретшілер одағына мүше болуы, бұл әлемде теңдесі жоқ құбылыс.

Суретшілер мекенінен балалар көркемсурет мектебінің іске қосылуы заңдылық дер едік. Бірінші Мамыр ауылдық округі аумағынан 1984 жылы ашылған мектепте алғашқы кезде 62 оқушы тәлім алған. Қырық жылға жуық қаншама талантты шәкірттерді тәрбиелеп, оларды сурет өнеріне баулып, қиялдарына қанат бітірген білім ошағында 15 мұғалім білім береді. Көркемсурет мектебінде 25 топ болса, онда 316 оқушы бар. Оқушылар стандартты жеті пән бойынша және көркемдік-эстетикалық тұрғыда тереңдетілген бағытта білім алады.

Көркемсурет мектебінің директоры Исаков Мекенбай Панбайұлының айтуынша білім ошағы тәрбиеленушілердің рухани-адамгершілік қасиеттерін тәрбиелей отырып, олардың көркемдік және шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытында жұмыс істейді. Оқушылар кескіндемемен, графикамен сурет салып, ағаштан мүсін оюға үйренеді. Ұстаздар балалардың бейнелеу қабілеттерін, көркемдік талғамын, шығармашылық қиялын шыңдап, жас ерекшеліктеріне орай көркемсурет өнеріне шыңдайды.
— Әкем суретке деген қабілетімді байқап осы мектепке алып келді. Қазіргі уақытта түрлі бағытта сурет салуды үйреніп жатырмыз. Болашақта танымал суретші болып ата-анамның үмітін ақтағым келеді, — дейді жас суретші Серікбай Арсен Ғазизұлы білім ордасы жөнінде.

Мектеп оқушылары Халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары атанып келеді. Сондай-ақ, мектеп көптеген оқушыларға шығармашылығын шыңдап, бейнелеу өнерінде жаңа білім алу алаңына айналды. Оқушылар көптеген плэнерге қатысып, білікті қылқалам шеберлерімен кездесіп, тәжірибе алмасуда. Көркемсурет мектебіне ЮНЕСКО-ның қазақстандық клубы мәртебесі берілген.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: 18 ҚҰРСАҚ КӨТЕРГЕН ШАРДАРАЛЫҚ БАТЫР АНА САЙЛАУДА ДАУЫС БЕРДІ

Next Post

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» МҮШЕЛЕРІ САЙЛАУДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі