13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ҚОРҒАЙТЫН ХАЛЫҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

17 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА «ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ҚОРҒАЙТЫН ХАЛЫҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістанда «Ескерткіштерді қорғайтын халық» халықаралық конференциясы басталды. Маңызды басқосуға ЮНЕСКО-ның бастамасымен әлемнің 20 елінен 60 халықаралық сарапшы жиналды. 26-28 қазан аралағында үш күнге созылатын іс-шара барысында конференцияның 400-ден астам делегаты ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра объектілерін басқару, сақтау және қалпына келтіру, туризм маркетингі және Қожа Ахмет Ясауи тұлғасы мен еңбектерінің түркі халықтары үшін рөлі мәселелерін талқылайды. Конференцияға облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, Қожа Ахмет Ясауидың ұлт руханияты үшін маңызды тұлға екенін айтты.
– Түркістан – ұлтымыздың мақтанышы! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы облысымызға іссапарында Түркістан еліміздің рухани және тарихи елордасы мәртебесін беру мәселесін көтерді. Қазіргі таңда осы бағытта тиісті жұмыстар атқарылуда. Түркістан қаласына берілетін жаңа мәртебе, қаламыздың одан әрі дамуына жаңа серпін беретіні сөзсіз. Түркі әлемі үшін ұлы ұстаз – Қожа Ахмет Ясауидің орны айрықша. Ұлы ғұлама өз ілімі арқылы ізгілікті, бірлікті, еңбекті насихаттады. Қожа Ахмет Ясауи – қазақ руханиятының қайнар көзі. Мәдениетіміз бен әдебиетіміздің көрнекті өкілі. Ислам дінінің ұлы кемеңгерлерінің бірегейі. Ясауитану ғылымының болашағы алда деп ойлаймын. Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – сәулет өнерінің жауһары.
Мұндай ескерткіштер әлемде өте сирек. Тарихымыз үшін бұл кесененің қадірі өте зор. Міне, осы екі құндылық Түркістанның абыройын асқақтатып тұр. Қасиетті шаһардың басты тарихи мағынасы мен мәні осы мұраларда жатыр. Сондықтан біздің зерттеушілеріміз бен ғалымдарымыз осы тарихи мұраларды зерттей түседі деген сенім мол. «Ескерткіштерді қорғайтын халық» халықаралық конференциясы Түркістанның жаңа деректерін ашады деп сенемін, – деді Д.Сатыбалды.
Ежелгі Түркістан жері «Түркі әлемінің бесігі» мәртебесіне ие болуы заңдылық. 2021 жылы Түркітілдес мемлекеттер Ынтымақтастық Кеңесінің бейресми саммиті Түркістанды Түркі әлемінің рухани астанасы деп жариялады. Саммит аясында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түркі елдерінің көшбасшыларына маңызды үндеу жасады. Онда Қазақстан Республикасының Президенті Түркі өркениетін жаңғыртуды ең алдымен, Қожа Ахмет Ясауи мен қасиетті Түркістан мұрасын бүкіл әлемге таныстырудан бастауға шақырды.
Ясауидің мұрасы Қазақстаннан тыс елдерде де белгілі. Адамзаттың шабыт көзі бола отырып, ол рухани ойлар үшін азық беріп қана қоймай, ғалымдардың ұрпағын тәрбиелеудің негізіне айналды. Әлемнің әртүрлі елдерінде сақталған ұлы түркі ойшылы мен оның ізбасарларының еңбектері ясауитанушы ғалымдарының ғылыми зерттеулерінің тақырыбы болып отыр.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі 2003 жылы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне енгізілген. Қожа Ахмет Ясауи мұрасын зерттеу және сақтау жұмыстары сөзсіз жалғасады. Конференцияға қатысқан ғалымдар осылай ой қозғады.
Конференция Түркістан облысының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, халықаралық серіктес ұйымдардың (ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік Бюросы, МИЦАИ, IRCICA), университеттердің (Халықаралық туризм және меймандостық университеті, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті) және «Әзірет Сұлтан» мұражай-қорығының жан-жақты қолдауларымен ұйымдастырылды.
«Ескерткіштерді қорғайтын халық» конференциясы «Ясауитану» ғылыми бағытының жетістіктері мен даму перспективаларын талқылау және пікір алмасу үшін түрлі бағыттар мен мектептердің ғалымдарына платформа ұсынып қана қоймай, Қожа Ахмет Ясауи кесенесін сақтау саласындағы әдістер, тәсілдер мен шешімдерді талқылауға арналып отыр. Сонымен бірге ескерткіштерді қорғау, туризм саласын дамыту мәселесі де талқыланды.
Пленарлық отырыстарда тарихи қалалық ландшафттар: туризмді дамыту және нысандарды сақтау жолдары қаралады. «Киелі нысандар мен қажылық маршруттарындағы туризмді дамыту ерекшеліктері», «Орталық Азиядағы киелі орындардың тарихы», «Мәдени мұра объектілерін басқару», «Киелі нысандардағы туризмді ілгерілету және маркетинг: үздік тәжірибелер мен ұсыныстар» тақырыбында сессиялар жұмыс істейді.
Ал 27 қазан күні «Киелі туризм саласындағы білім беру мекемелерінің халықаралық ынтымақтастығы», «Түркі халықтарының мәдениетіндегі рухани қабаттар», «Киелі мұра объектілерін сақтау, қалпына келтіру, құжаттаманы жүргізу», «Ортағасырлық қолжазбаларды зерттеу» тақырыптары қамтылады. Сондай-ақ қатысушылар басқару бойынша «ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра нысаны үшін жоспар менеджментін әзірлеу (менеджмент жоспарын әзірлеуде HUL тәсілдерін қолданудың)» практикалық семинарына қатыса алады.
Previous Post

15 ҚАРАША - ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІ: ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ҰЖЫМЫ ТӨЛ ТЕҢГЕНІҢ ТАРИХЫНА ШОЛУ ЖАСАДЫ

Next Post

ДӘРІГЕРЛЕР Қ.К.ТОҚАЕВТЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫН ҚОЛДАЙДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі