13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

РЕСПУБЛИКА КҮНІ: ТҮРКІСТАНДА 500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПЕН 250 ОРЫНДЫҚ БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

17 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
РЕСПУБЛИКА КҮНІ: ТҮРКІСТАНДА 500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПЕН 250 ОРЫНДЫҚ БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter
Республика күніне орай Түркістан қаласында 500 орындық мектеп пен 250 орынға арналған мектеп-балабақша пайдалануға берілді.
Соңғы үлгідегі заманауи жабдықтармен қамтылған Айтұлы Тілеу батыр атындағы дарын мектебінде оқушылардың сапалы білім алуына бар жағдай жасалған.
Әлеуметтік маңыздағы ғимараттардың салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Израильдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Эдвин Натан Ябо Глусман құттықтау сөз сөйлеп, мектеп ұжымына табысты еңбек тіледі.
– Халқымызда «Білімдінің күні жарық» деген қанатты сөз бар. Жаңадан салынған білім ошағының ашылуы ұлттық мерекеміз — Республика күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұнда жас өрендердің білім алуына, спортпен, шығармашылықпен айналысуына бар жағдай жасалған. Бұл білім шаңырағынан тәлім-тәрбие алған балалар еліміздің мақтан тұтар азаматы болатынына сенеміз, — деді облыс әкімінің орынбасары Сәкен Амангелдіұлы.
Кәсіпкер Сәуле Меңдіғұллақызының айтуынша, аталған мектеп білім берумен қатар, үйірмелермен (шахмат, би, таэквандо, сурет, домбыра, вокал), бассейн, тұз кенішімен, үш мезгіл ыстық тамақпен және көлік тасымалымен тегін қамтылған. 500 балаға арналған білім ұясында 50 қызметкер еңбек етеді.
Сондай-ақ мереке күні Айтұлы Тілеу батыр атындағы 250 орындық балабақша салтанатты түрде ашылды. Тәулік бойы жұмыс істеуді мақсат етіп отырған балабақша 30-ға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Ерекшелігі, мұнда балалардың денсаулығын қадағалау үшін бассейн, тұз кеніші қарастырылған. Халық игілігіне ашылған балабақша тегін. 1-5 жас аралығын қамтитын мектеп-балабақша Кентау тас жолындағы №14А мекенжайында орналасқан.
Previous Post

Түркістан: Кентаудағы барлық білім ұяларының басшылыры мен ұстаздары әнұранды шырқады

Next Post

ТҮРКІСТАН: Мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесу өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі