13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан өңірінде бір алқаптан жылына 2-3 рет өнім алатын шаруалар көбейген

17 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан өңірінде бір алқаптан жылына 2-3 рет өнім алатын шаруалар көбейген
Share on FacebookShare on Twitter

Өткен жылы Түркістан облысының климаттық жағдайын ұтымды пайдаланған шаруалар бір алқаптан жылына 2-3 рет өнім алды. 9 мың гектарда 2878 жоба іске асып, нәтижесінде 280 мың тонна көкөніс өнімі жиналды.

Жетісайлық шаруалар бір алқаптан жылына екі-үш өнім алып, табысқа кенелуде. Қара жерден ризық-несібесін тауып отырғандардың бірі Хамит Тұрсынбеков. Шаруа биыл көктемде үш гектар жерге орамжапырақ, үш гектар жерге қарбыз еккен. Сосын оны жинап алып, екінші өнім ретінде үш гектар жерге маш дақылын, бір гектарға қырыққабаттың Бухарест деген сортын егіпті. Көкөніс қазан айының соңында өнім бермек. Айта кетсем, өңірде биыл бір жерден 2-3 өнім алушы шаруалардың қатары артқан. Яғни, өткен жылы 155 шаруа қожалық бұл бағытта жұмыс жүргізсе, аудан әкімдігі тарапынан жүргізілген жүйелі жұмыстың нәтижесінде биылғы жылы 185 қожалық бір жерден 2-3 өнім алуға қызығушылық танытып отыр.
Өңірде биылғы жылы 11 бағыт бойынша 33 жобаны жүзеге асыру көзделуде. Мұндағы негізгі бағыттар жылыжай кешені, мал бордақылау алаңдарын және сүт өндіру көлемін арттыруға арналмақ.

«Мемлекет басшысы Парламент отырысындағы мәлімдемесінде субсидия алуды жеңілдетуге, оның ашық болуы үшін бірқатар тапсырмалар берген болатын. Осы мақсатта өсімдік шаруашылығындағы 4 бюджеттік бағдарламаны 1 бюджеттік бағдарламаға біріктіруді ұсынудамыз. Бұл өз кезегінде нарық қажеттілігі мен баға тұрақтандыруды қамтамасыз ету мақсатында нақты қажет дақылдарды егуге бағытталған жоба болмақ» – деді сала жауаптылары.

Жалпы Түркістан облысында 69 мың шаруа қожалығы тіркелген. Оларда 170 мыңнан астам адам еңбек етуде. Бұл республикалық көрсеткіштің 32% құрайды. Сонымен қатар, облыста жаңадан 122 гектарға жылыжайлар салынып, өңірдегі жылыжай көлемі 1 467 гектарды құрап отыр.

Previous Post

Түркістан облысы: 936 жұмыс орны ашылды

Next Post

Түркістан: Мұғалім тапшылығы шешілуде

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі