13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанды гүлдендірген еңбек адамдары

17 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістанды гүлдендірген еңбек адамдары
Share on FacebookShare on Twitter

Облыс орталығы болғаннан бері Түркістан түрленіп, келбеті адам танымастай өзгерді. Қазіргі гүлденген Түркістан қажырлы еңбектің арқасында. Президентіміз де өз жолдауында еңбек адамдарын құрметтеуді жиі айтады. Бүгінгі рухани шахардың ажарлануына үлес қосып жүрген еңбек адамдары кімдер?

Түркістан қаласында 45 саябақ, 34 гүлзар және 9 жасыл алаң бар. Оларды күтіп-баптау жұмыстары қалалық әкімдік тарапынан қатаң бақылауға алынған. Бұдан өзге, саябақтар мен гүлзарларда кіші сәулет мүсіндері, орындық, жарықшамдар, аяқжолдар мен балалар ойын алаңдары сырланып, қайта қалыпқа келтірілді. 12 гектар аумақта 15 мың дана көшет егілген. Сонымен қатар, 9 000 шаршы метр аумақ көгалдандырылды. Шекті Тілеу, Жолдаяқ , Байбұрт, С.Қожанов, Ж.Майкотов көшелері мен Есімхан алаңына 11 900 түп ағаш отырғызылды.

Қаладағы абаттандыру жұмыстарына 5 мекеме жауапты. Мұнда 600-ге жуық жұмысшы еңбек етуде. Солардың бірі Полатбек аға. Зейнет жасына таяған ел ағасы облыс орталығының гүлденуіне атсалысып жүр. Жұмыс бар, тек қана еңбек ету керек дейді ол.

Ендігі мәселе қала мәдениеті жөнінде. Жұмысшылар тұрғындарға қаланы таза ұстауға шақырады. Өйткені бүгін тазаланған жер ертесіне қайтадан шашылып жататынына қынжылады.

Адам несібесін еңбекпен табады. Ауа райының кез келген қолайсыздығына қарамай жұмыс істейтін жандардың еңбегі бағалы. Сондықтан, Түркістанның тазалығы мен гүлденуіне күні-түні тынбай қызмет етіп жүрген еңбек адамдары қашан да құрметке лайық.

Айта кетсек қазіргі таңда қала ішіндегі тазалық жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу үшін 88 техника, 500-ге жуық жұмысшы қарастырылған. Жалпы қала көлемінде 875 көшеге тазалық жұмыстары жүргізілетін болса, оның 39-ы орталық маңыздылыққа ие. Соның ішінде, біраз аймақтар механикалық жолмен, қалған бөлігі қолмен тазаланады.Қала тұрғындарына көше бойларына қоқыстарды бей-берекет шығарып тастамау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бекітілген кестеге сәйкес шығарып отыру жөнінде ескертулер күнделікті хабарлап, қағаз түрінде таратылуда.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: 2023 ЖЫЛЫ ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА 24 ЕЛДІ МЕКЕНДІ ГАЗБЕН ҚАМТУ КӨЗДЕЛГЕН

Next Post

100 мыңнан астам жас мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындарына тартылады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі