13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ордабасы: Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

24 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Ордабасы: Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Жәрмеңке барысында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі түсіндіріліп, мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді.

Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі онлайн форматта тікелей эфирде аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі және аудандық архив бөлімі салалары бойынша өткізілді.

Жәрмеңкеде мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ете отырып, әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету, мемлекеттік қызметтерді көрсетуді ақпараттандыру, оның ішінде электронды түрде көрсетілетін қызметтерді кеңінен насихаттау бойынша салалық кеңес берілді.

Шара барысында әкімдікке қарасты басқармалардың мамандары жергілікті халыққа түрлі мекемелерде көрсетілетін қызметтер туралы түсіндіріп, жан-жақты кеңес берді.Ал, тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің өкілдері депозит ашып, қаржы жинақтау туралы ақпарат берді.

«Жәрмеңкеге келіп, өзіме қажет анықтамаларды алдым. Енді мемлекеттік мекемелерге арнайы барып, уақыт жоғалтудың қажеті жоқ. Осындай халыққа тиімді шаралар жиі өтіп тұрса деген тілегім бар»,- дейді жәрмеңкеге келген қала тұрғыны.

Іс-шара аясында онлайн қызметтерді көрсету мүмкіндіктерін кеңейту, оның ішінде «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу бойынша халыққа кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жәрмеңкеде білім беру бағдарламалары, спорт, жұмыспен қамту және әлеуметтік салалар жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсететін жергілікті жəне аумақтық органдардың білікті мамандары ақпарат берді.

Тұрғындар тарапынан келіп түскен сұрақтарға толыққанды жауап қайтарылып, мәселелер талқыланды.

Previous Post

РЕСПУБЛИКА КҮНІ - ДЕРБЕС МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІҢ МЕРЕКЕСІ

Next Post

АЛМАТЫДАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕГЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН 400 ТОННАҒА ЖУЫҚ ӨНІМ ӘКЕЛІНДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі