13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Республика күніне орай Түлкібаста жаңа әкімдік ғимараты пайдалануға берілді

17 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Республика күніне орай Түлкібаста жаңа әкімдік ғимараты пайдалануға берілді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Түлкібас ауданына қарасты Жабағылы ауылында ұлттық мереке – Республика күніне орай жаңа әкімдік ғимараты пайдалануға берілді. Айтулы шараға аудан әкімі Нұрлан Байғұт арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа ғимараттарымен құттықтады.

Үш мыңнан астам тұрғыны бар Жабағылы ауылдық округіне үш елді мекен қарайды. Сонау егемендік алған жылы әкімдік құрылымдары құрыла бастаған шақта округ әкімдігі ескі үйдің ғимаратында орналасқан болатын. Сол уақыттан бүгінгі күнге дейін бұл мәселенің түйіні шешілмей келген.

Жылына 4 мыңнан астам турист ат басын тірейтін аймақта аталған мәселе тұрғындар тарапынан соңғы есептік кездесулерде жиі көтеріліп келген-ді. Аталған мәселе өзекті мәселелердің қатарына алынып, облыс және аудан әкімдігі тарапынан қолдау тауып, шешіліп отыр.

Мерекелік шарада ауыл ақсақалдары жаңа ғимараттың лентасын қиып, шалғай ауылға көңіл бөліп, жағдай жасап жатқан билік өкілдеріне алғыстарын жеткізді.

Өткен жылдан өтпелі болып бой көтерген заманауи ғимаратта халыққа қызмет көрсететін мамандарға үшін 8 бөлме мен туристерге арналған арнайы бұрыш бар. Интернет және қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылған.

Айта кетсек, биыл Түлкібас ауданында 4 бірдей фельдшерлік-акушерлік тіректің құрылысы іске асады. Жаңа нысандар Шұқырбұлақ, Келтемашат, Тұрар және Ақбиік ауылдарында бой көтермек.
Бүгінде ауданда тұрғындарға медициналық көмек көрсететін 67 мекеме бар. Олар 1 – аудандық орталық аурухана, 1 – аудандық емхана, 10 – дәрігерлік амбулаториялар, 2 – бастапқы медициналық көмек көрсету орталығы, 18 медициналық тірек, 21 фельдшерлік акушерлік тірек. Бұдан бөлек 50 мектеп ішінде арнайы кабинеттер қарастырылған. Бірақ нысандар әлі де медициналық талапқа сай келмейді.Аталған мәселені кезең-кезеңімен реттеу мақсатында аудан әкім жауапты бөлім мен аудандық аурухананың бас дәрігеріне медициналық тіректі қажет ететін елді мекендердің барлығына тиісті құжаттарды дайындауды тапсырып, қажетті жер телімдерін бөлуді ауыл әкімдеріне жүктеді.

Previous Post

ЕЛ ӨТІНІШІ НӘТИЖЕСІНДЕ ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ФОРМАТТЫ ХҚКО БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ

Next Post

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жүзеге асырылуы Дархан Сатыбалдының жіті бақылауында

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі