13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТТАРДЫҢ ШТАБ ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

17 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТТАРДЫҢ ШТАБ ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Президенттікке кандидаттардың сайлауалды штабтарының өкілдеріне арналған оқыту семинарын өткізді.

Семинарда негізгі спикерлер ретінде Орталық сайлау комиссия мүшелері Сәбила Мұстафина, Анастасия Щегорцова, ҚР ОСК аппаратының бюджетті жоспарлау және орындау бөлімінің меңгерушісі, «Халық банк» АҚ Астана қаласы бойынша филиалының өкілдері Жанар Рахимова, Жания Досбаева, сондай-ақ «Астана қаласы әкімі аппараты» ММ қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы Айнагүл Иксан сөз сөйледі.
Семинар қатысушыларына Президенттікке кандидаттардың БАҚ-та сөз сөйлеуіне республикалық бюджеттен бөлінген қаражат көлемі мен тәртібі, кандидаттың сайлау қорларын құру, сайлау қорытындылары белгіленгеннен кейін қаражатты пайдалану туралы есептерді ұсыну, сондай-ақ кандидаттардың барлық қаржы операциялары мен процедураларын ашық, әділ қамтамасыз ету туралы мәселелер толық түсіндірілді.

Сайлауалды штабтардың өкілдері жариялы сайлауалды шараларды өткізу арқылы кандидаттардың сайлауалды үгітті жүргізу, оның ішінде БАҚ арқылы, баспа, аудиовизуалды және басқа да үгіт материалдарын шығару және таратудың құқықтық шарттарымен танысты.

Кандидаттардың сайлауалды штабтарының өкілдері тарапынан сайлау науқаны аясында қойылған барлық сұрақтарына семинардың спикерлері толық жауап берді. Сондай-ақ үгіт -насихат жұмыстарын заңға сай жүргізу қажеттігі ескертілді.

Орталық сайлау комиссиясы келесі семинары 2022 жылғы 27 қазанда ҮЕҰ Академиясының алаңында өтетін сайлауды ұлттық байқауды жүзеге асыру мәселелері бойынша саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктердің және коммерциялық емес ұйымдардың өкілдеріне жоспарланған. Осылайша олар арнайы біліктіліктерін арттырып отыр.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесу өтті

Next Post

ҚАРАҚАТ ӘБДЕН ОТБАСЫ ЖӘНЕ ДЕМОГРАФИЯ МИНИСТРЛІГІН ҚҰРУДЫ ҰСЫНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі