13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Шардарадан тағы да 21 әлем чемпионы шықты

21 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Шардарадан тағы да 21 әлем чемпионы шықты
Share on FacebookShare on Twitter

Жас- жеткіншектер, жасөспірімдер және жастар арасындағы әлем чемпионатында Түркістан облысы, Шардара ауданынан 21 әлем чемпиондары шықты. Түркияның Анталия қаласында Қол күресінен 43-ші Әлем чемпионатының алғашқы күндері жас-жеткіншектер, жасөспірімдер және жастар арасында Шардара Армспорт құрамасының спортшылары Әнұранымызды 21 рет шырқатып, көк туымызды көкке көтерді.
Әлем чемпионатына 54 елдің үздік спортшылары қатысты.

Атап айтар болсақ:
Жасжеткіншектер:
1. Маманияз Жасурбек
2. Ибрагим Әділет
3. Оралбай Ұлжан
4. Оразхан Ырысты
5. Тазабек Ұлбала
6. Бекхан Нұрислам

Жасөспірімдер:

1. Мансұр Мұқағали
2. Ахметов Қуандық
3. Тұрғанбек Тұрарбек
4. Мұхамбетов Ердәулет
5. Зиядулла Назира
6. Мәлік Арайлым
7. Тазабек Зейнеп
8. Райым Бекарыс
9. Бекжігіт Асылжан
10. Басымбек Нұрболат
11. Полат Ермахан

Жастар:
1. Ерсайын Мейрамбек
2. Зәрубек Санжар
3. Самат Мұқасан
4. Мусали Алеша

19-22 қазан күндері ересектер құрамасы сайысады. Жерлестерімізге сәттілік тілейміз.

Қол күресі спорты елімізде айрықша дамыған аймақтың бірі – Шардара қаласы. 2001 жылы негізі қаланған «Shardara Arm» спорт кешенінен бүгінге дейін 72 әлем чемпионы, 26 әлем кубогы иегері, 209 Азия чемпионы, 50 Азия кубогы иегері, 359 ҚР чемпионы шыққан. Бұған халықаралық жарыстар мен республикалық турнирлерді қоссаңыз аймақтан шыққан білекті де жүректі қыз-жігіттердің жетістігін айтып жеткізудің өзі артық. Армрестлинг — әділ өтетін жарыс. Кей спорт түрлерімен салыстыра қарағанда қол күресі әділ өтетін жарыстар санатына жатады. Білек пен жүректің, ақыл мен айла, күш-жігер сыналған сәтте мықтының мықтысы, күштінің күштісі ғана жеңіске жетеді.Қол күресі 80-90 пайыз әділ өтеді. Мұнда сәттілік серік болу, жолы болып кету сирек кездеседі. Бағың мен бабың қатар шабуы керек. Кей сәттер болады, күшің жетіп тұрып қолың көтеріліп немесе түсіп кетіп ұтылып қалатын кез. Дайындық барысында осының бәрін пысықтау керек.Қол күресінде допинг мәселесі қатаң қаралады. Әлем чемпионатында міндетті түрде допинг тексеру болады, деді спортшылар.

Previous Post

«Жолдау-2022: Қазақстанда қандай реформалар жүргізіледі?»

Next Post

Түркістанда Республика күні мерекесіне арналған дөңгелек үстел өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі