13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бас прокуратура сайлау науқаны талаптарын бұзған үшін қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

22 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Бас прокуратура сайлау науқаны талаптарын бұзған үшін қандай жаза қолданылатынын түсіндірді
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өміралиев сайлау алдындағы үгіт-насихат жүргізу талаптарын бұзғаны үшін заңнамада қандай жауапкершілік қарастырылғанын айтып берді.
«Президенттің кезектен тыс сайлауы өтетіні туралы жарияланған сәттен бастап, Бас прокуратура сайлау науқанының барлық кезеңдеріне қатысты әр деңгейдегі прокурорлар үшін негізгі міндеттер мен ұйымдастырушылық іс-шараларды айқындады. Кеше облыс прокурорларымен жеке кеңес өткізіп, оларды сайлау туралы заңнама нормаларының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуге бағыттадық. Бүгін сағат 18:00-де ең белсенді кезең – сайлау алдындағы үгіт басталды. Оны өткізу тәртібі «ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңмен реттелген», — деді Ж. Өмірәлиев Орталық сайлау комиссиясында өткен жианлыста.
Ж. Өмірәлиев белгіленген нормаларды сақтамау жауапкершілікке әкеп соғатынын айтты. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте сайлау алдындағы үгіттің тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін 9 бап көзделген. Олар: сайлау алдындағы үгiтті оған тыйым салынған кезеңде жүргiзу (102-бап – 15-35 АЕК айыппұл); сайлау алдындағы үгітті жүргізу құқығына кедергі келтіру (103-бап – 20-50 АЕК айыппұл); БАҚ арқылы сайлау алдындағы үгітті жүргізу шарттарын бұзу (112-бап – 2-50 АЕК айыппұл); Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үгіт жүргізу шарттары «ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңның 27-бабында белгіленген.
Сонымен бірге, анонимдік үгiттеу материалдарын дайындау немесе тарату Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 113-бабы (25 АЕК) бойынша әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады. Үгіт материалдарын қасақана жою, бүлдіру (114-бап – 15 АЕК айыппұл); сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауалнама жүргiзу шарттарын бұзу (120-бап – 10-30 АЕК айыппұл); сайлау алдындағы үгіт-насихат жүргізу шарттарын бұзу (122-бап – 20-30 АЕК айыппұл) да құқықбүзушылық болып саналады.
Сайлау құқықтарына қол сұғатын осы және басқа да әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша өндірістерді қозғау прокурордың айрықша құзыретіне кіреді. Істерді сот қарайды. Бірақ азаматтар өздерінің сайлау құқығын бұзған жағдайда өз бетінше тікелей сотқа да жүгіне алады. Бұл жағдайда аталған санаттағы істерді бірден сот қарайды, бірақ міндетті түрде прокурор қатысады.
«Әкімшілік жазамен қатар сайлау заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық жаза та көзделген. Ол сайлау құқықтарын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі келтіруге қатысты, Қылмыстық кодекстің 150-бабы – 100 АЕК айыппұлдан бастап, түзету жұмыстарын, бас бостандығын шектеуді қоса алғанда, 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Екінші құрам – сайлау құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды дұрыс есептемеу, ол үшін Қылмыстық кодекстің 151-бабында 4 мың АЕК мөлшеріне дейін айыппұл салу не түзеу жұмыстары немесе 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы белгіленген. Қазіргі уақытта сайлау науқаны құқықтық шеңберде өтіп жатыр. Сайлау заңнамасын бұзу фактілері тіркелген жоқ», — деді Ж. Өмірәлиев.

Previous Post

Президенттікке кандидаттардың теледебаты қашан өтеді

Next Post

КЕЛЕШЕГІМІЗ КЕЛІСТІ БОЛСЫН ДЕСЕК САЙЛАУҒА ҚАТЫСАЙЫҚ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі