13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«2000 МЕКТЕП» АКЦИЯСЫ БАСТАУ АЛДЫ

18 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
«2000 МЕКТЕП» АКЦИЯСЫ БАСТАУ АЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі заман талабына сәйкес, жолшы кәсібі сапаны және білікті мамандарды талап етуде. Бұл тұрғыда Қазақстан шетелден жұмысшы күшін тартуды қысқартып, қазақстандық мамандарды даярлауға көңіл бөліп отыр.

Бүгін жолшылар №81 мектеп оқушыларымен кездесіп, болашақ талапкерлерге жол саласының шынайылығын түсіндіріп, осы саладағы жұмыстың артықшылықтары мен перспективаларын сипаттап, орындары туралы хабардар етті, сондай-ақ оқушыларды қызықтыратын сұрақтарға жауап берді. Жас жеткіншектер жолшы кәсібінің мәртебесі, оның ішінде мамандық салалары, жұмыспен қамту талаптары, міндеттері, еңбек шарттары мен лайықты жалақысы туралы егжей-тегжейлі ақпарат алды.

Сондай-ақ, жол инженерлерінің жұмысы, қандай жабдықтармен және жолдардың сапасын қалай тексеретіні туралы айтып берді. Зертхана мамандары филиалдың сынақ зертханасын, оның техникалық жарақтандырылуын және мұнда қандай сынақтар жүргізіліп жатқанын көрсетті. Оқушылар жолшылардың жұмысына қызығушылық танытып, жұмысқа орналасу, жалақы туралы сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.

Қайрат Шәкіров – «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалы Сынақ зертханасының меңгерушісі -Жол құрылысы, жол жөндеу жұмыстары сапалы болуы ол бірінші кезектерге мамандарға байланысты. Сондықтан бүгін жол саласын таңдаймын, қызығушылық білдіремін деген оқушыларды осы біздің ғимаратқа алып келіп, экскурция өткізіп жатырмыз. Біздің құрал жадбықтармен танысып жатыр. Біздің мақсат –жас мамандардың жол саласына деген қызығушылығын ояту.

«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК бас директоры Замир Сағыновтың бастамасымен 2020 жылы «1000 мектеп» науқаны басталған болатын. Биыл «2000 мектеп» акциясы қолға алынды. Мақсат — мектеп бітірушілермен тікелей кездесу өткізіп, жол мамандығына тарту. Игі шара биыл да өз жалғасын табуда.

Previous Post

Түркістандағы келелі кездесу

Next Post

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ БОЙЫНША ФРАКЦИЯ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі