13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ — БОЛАШАҒЫҢДЫ ТАҢДАУ

18 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ — БОЛАШАҒЫҢДЫ ТАҢДАУ
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл елімізде бастау алған ең ауқымды саяси өзгеріс — «Жаңа әрі әділетті Қазақстан» бастамасы. Осы ұранмен еліміздің барлық саласында оң өзгерістер орын алып келеді. Әділеттілік, ашықтық бар.
Ата Заңымызда айтылған «Биліктің бастауы – халық» деген қағида шынайы орнай бастағандай. Елімізде референдум өтті. Президенттің өкілеттіктері қысқарып, халықтың билікке араласуы заңмен реттелді. Жерасты байлығымыздан түскен үлес әрбір жаңа туған қазақстандықтың жеке шотына түсетін болды. Түптеп келгенде, әлеуметтік қолдаулар артатынын айтты Президент. Бұл жаңалықтар біздерді, яғни жастарды бір серпілтіп, бойымызға жігер сыйлады.
Сонымен қатар, биылғы басты жаңалық – Президент сайлауы. Бұл сайлау – бұрынғыдан өзгерек. Енді Президент 7 жылға бір рет қана сайлана алады. 20 қараша бүкіл қазақстандықтар өз таңдауын жасайды. Жеті үміткерге дауыс береді. Сайлауға қатысу – болашағыңды таңдау. Саяси науқанда белсенділік таныту – еліңнің ертеңі үшін бейжай қарамау, шын патриот ретінде үн қату.
Осы жылы бастау алған игі бастамаларды өз басым қоғамның бір мүшесі ретінде қолдаймын. Бұл болашағымыз үшін қолға алынып жатқан ауқымды, ұзақ мерзімді жобалар. Сондай-ақ, өзгерістерді біз өзімізден де бастауымыз керек. Жаңару – әуелі әр адамның жеке басынан басталады. Солай ғана күллі қоғам өзгереді. Демек, Қазақстанның жаңаруына әр азамат жауапты. Сондықтан біз қоғамдағы әрбір саяси науқаннан, қоғамдық бастамадан тысқары қалмауымыз керек.
Сәкен БИБОСЫНОВ,
бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері

Previous Post

ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ - ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫҢ БАСТАУЫ

Next Post

«ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі