13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы: Екпінді мектебіне Төлепбек Назарбековтың есімі берілді

17 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысы: Екпінді мектебіне Төлепбек Назарбековтың есімі берілді
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Үкіметінің «Түркістан облысындағы кейбір білім беру мен мәдениет ұйымдарына атау беру және атауын өзгерту туралы» №741 Қаулысына сәйкес, Алатау ауылдық округіне қарасты Екпінді жалпы орта мектебіне Төлепбек Назарбековтың есімі беруге арналған мерекелік жиын өтті.

Ауыл тумасы, облыстың ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлес қосып, бірқатар лауазымды қызметтер атқарған Төлепбек Әбдіұлының есімін бүгінгі ұрпақ арасында ұлықтау мақсатында өткен шараға қатыстым. Мерекелік жиында Төлепбек Назарбековтың өмірдерегі, ел игілігі жолындағы атқарған еңбектері сөз болды. Еліміздің дамуында өзіндік қолтаңбасы бар азаматпен қызметтес болып, бірлесе еңбек еткендер естелік әңгімелер айтты.

1927 жылы 17 мамырда ОҚО Төлеби ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген. Москвадағы Ленин орденді Тимирязев атындағы ауылшаруашылық академиясын бітіргеннен соң әртүрлі басшылық лауазымдарда қызметте болды: Тұрбат МТС-нің бас агрономы, аудандық ауыл шаруашылық инспекциясының бастығы, Қазақстан Компартиясы Қаратас аудандық комитетінің хатшысы, Қазақстан Компартиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті ауыл шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, облыстық кеңшарлар басқармасы бастығының орынбасары, кеңшар-ұжымшар аймақтық басқармасының бастығы, облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы, Қазақстан Компартиясы Бөген аудандық комитетінің бірінші хатшысы болды. 1976-1987 жылдары облыстық орман шаруашылығы басқармасының бастығы қызметінде жүріп дендробақтың салынып, көркеюіне үлкен үлес қосты. Халық Депутаттары Шымкент қалалық Кеңесінің 21 шақыруындағы 1992 жылғы 20 маусымдағы XIV сессиясының № 246 қаулысымен Т.Назарбековке, дендробақ және демалыс аймағын құрып, көріктендіруге қосқан зор үлесі үшін «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. Төлепбек Әбдіұлы саналы ғұмырын еліміздің өркендеуіне арнай білді. «Жақсының шарапаты жалпақ елге жетеді» деген, өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық әлеуетiн көтерудегі еңбегі әлі күнге дейін ел жадында. Төлепбек Назарбеков кезiнде Созақ және Бөген аудандарын басқарып, облыстық партия комитетiнiң хатшылығына дейiн көтерiлді. Әрқашан қызмет бабында әділдікті ту еткен азаматтығы жөнінде елi әлiге дейiн ерекше сезiммен еске алады.

Мерекелік жиын барысында Мәдениет үйінің қызметкерлері концерт қойып, мектеп фойесінде қоғам қайраткерінің бюсті салтанатты түрде ашылып, бабалар рухына құран бағышталды.

Previous Post

Халық үніне құлақ асу - басты міндет

Next Post

Төлеби ауданы: Табиғи газ тартылып, ауыз су жүйесі ретке келтірілуде

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі